Отбасындағы жауапкершілік үлкен міндетті жүктейді
Төлеби аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында жас полицейлерге отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған дәріс өткізілді.
Полиция майоры Тимур Сопиевтің арнайы қатысуымен өткен шарада отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білуі жайлы жастарға ой саларлық пікірлер айтылды.
Тимур аға, 20 жыл отбасы шаңырағын құлатпай, бүгінде 5 баланың әкесі болып отырған тұлға, өз сөзінде:
“Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Осы принциптерді сақтай отырып, біз полиция қызметкерлері, қызметпен қатар жүретін қауіпті міндетті абыроймен орындап, үйдегі отбасыға да көңіл бөліп, әсіресе бала тәрбиесіне, баланың ішінде қыз баласына мейірімділік танытуымыз қажет,” – деп атап өтті.
Сонымен қатар, Тимур аға жас ұрпақтың алдында беделіміз жоғары, абыройымыз биік болу үшін қызмет бабында ешқандай заң бұзушылықтарға жол бермей, өз жұмысымызды тек әділ де жауапты атқаруымыз қажет екендігін айтты.
Шара барысында полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны, сондай-ақ алкогольдік масаң күйде қандай құқық бұзушылықтар болуы мүмкін екендігі туралы ақпарат берді.
Бұл дәріс отбасы құндылықтарын насихаттау, жас полицейлердің жауапкершілігін арттыру және олардың отбасылық өмірдегі рөлін түсінуге көмектесу мақсатында өткізілген маңызды шара болды.