БастыЖаңалықтар

Отбасы – Шағын Мемлекет

“Отбасы күні” апталығы аясында “Отбасы – шағын мемлекет” тақырыбында жастарға семинар-тренинг өткізілді. Арыс аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Айжан Мырзахметованың ұйымдастыруымен және психолог, гинеколог мамандардың арнайы қатысуымен өткен бұл шараға аудан жастары мен колледж студенттері қатысты.

Шараның мақсаты – отбасы қарым-қатынас мәдениетін түсіндіру, отбасын Отанның бір бөлшегі ретінде ұғындыру, бақытты жанұяға деген қызығушылықты арттыру. Жастарға сыйластық, адамгершілік, инабаттылық, ынтымақ пен бірлік, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу көзделді.

Қатысушыларға “Тәрбие – отбасынан басталады”, “Отбасылық құндылық”, “Саналы түрде ата-ана болу”, “Күнделікті өмірде сақталу керек гигиена ережелері” тақырыптарында деректі фильмдер көрсетілді. Фильмдерден кейін қатысушылар арасында ашық сауалдар мен пікірталастар өтті, бұл жастарды тақырыпқа белсенді қатысуға ынталандырды.

Семинар барысында полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны, сондай-ақ алкогольдік масаң күйде құқық бұзушылықтардың қандай болуы мүмкін екендігі туралы да ақпарат берді.

Бұл шара жастар үшін отбасы құндылықтарын түсінуге, өз отбасыларына деген жауапкершілікті арттыруға үлкен мүмкіндік болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button