Түркістан облысының полицейлері экологиялық акция барысында 27 000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады
Түркістан облысының полицейлері “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында құқық бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру, “Заң және тәртіп” принципін сақтау және табиғатқа ұқыпты қарау мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Облыстың Полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімдерінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу, қоғамдық орындарды ластау, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс тастау мен ағынды суларды төгу фактілерін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
Құқық бұзушылардың саны 27 000-нан асты
Тәртіп сақшыларының жүргізген рейдтері нәтижесінде 27 000-нан астам құқық бұзушы анықталды. Оның ішінде:
- Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін – 6314 адам;
- Қоғамдық орындарды ластау үшін – 16731 адам;
- Жолдарды ластағаны үшін – 4155 адам.
Бұл бұзушылықтарға қатысты тиісті шаралар қабылданып, хаттамалар толтырылды.
Қоғамдық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Полицейлер жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, абаттандыру ережелерін бұзуға, жасыл желектерді зақымдауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне жол бермеу туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері бұл іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Олар азаматтарды өз қалаларын және туған өлкелерін абаттандыруға үлес қосуға шақырды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны және алкогольдік масаң күйде құқық бұзушылықтар туралы халықты хабардар етуде.
Түркістан облысының полицейлері экологиялық акцияларды жалғастыру арқылы тұрғындардың құқық бұзушылықтарды алдын алу, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамда заң мен тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.