Түркістан облысында полицейлер екі күн ішінде 400-ден астам құқық бұзушылықты анықтады
Түркістан облысында өткен жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде ювеналды полиция қызметкерлері 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Акция барысында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 30-дан астам ата-ана жауапқа тартылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 339 фактісі анықталды.
Жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуының 13 фактісі, “ұсақ бұзақылықтың” 14 жағдайы, және қоғамдық орында мас күйінде болудың 3 фактісі тіркелді. Ішкі істер органдарында құқық бұзушылық жасауға бейім 31 кәмелетке толмаған және 14 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды.
Кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру шеңберінде полицейлер оқу орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы заңдары мен ережелерін сақтаудың, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
“Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына, және басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Полиция қызметкерлері азаматтарды профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады. Ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларының мінез-құлқын бақылап, оларды назардан тыс қалдырмауды сұрауда. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алкогольдің адам ағзасына зияны, және алкогольдік масаң күйде құқық бұзушылықтар туралы халықты хабардар етуде.
Түркістан облысының полицейлері аталған акциялардың жалғасатынын және жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын алу, құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жұмысты күшейтетінін мәлімдеді.