БастыЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының аудандары орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады

ШҚО-да алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр.

Күршім ауданында әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылып, жылу желілері жаңартылуда.  Бүгінде 35 жылдан бері істен қосылмаған жылу қазандығы іске қосылды.

– Қазандық дұрыс жұмыс істейді және жоғары қысым мен температураға төтеп бере алады. Олар жұмыс аяқталғаннан кейін бір апта бойы тексерілді. Барлығы ауданда 18 көпқабатты үй бар, қазіргі уақытта 4 үй мен 1 мектеп жылумен қамтылған. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда, біз үйлер мен әлеуметтік нысандарды тез арада жылумен қамтуды жоспарлап отырмыз, – деді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев.

Айта кетейік, алдағы уақытта Күршім ауданында 18 көпқабатты үйлердің барлығын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button