Жаңалықтар
Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану
Түркістан қаласында бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану қала үшін ғана емес, кез келген қызмет ұсынатын мекемелерге де пайда әкеледі. Түркістан қаласында бюджет қаражаты ел игілігіне, қоғамның алдыға дамуына, экономикалық жетістіктерге жету жолына жұмсалады. Бюджет қаржысын талан-таражға салу Түркістан қаласына жасалған қастандықпен пара-пар. Бюджеттің әр тиыны – ел қазынасы. Осыны Түркістан қаласының және қазақстандық әр азамат есінде ұстауы тиіс. Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәліметке сүйенсек, Бюджет (ағыл. budget – қоржын) – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы екен.
Мемлекеттің заңмен немесе Түркістан қалалық өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Түркістан облысының орталығын Түркістан қаласына көшіруге және тиісті бюджеттік инвестициялардың ұлғаюына байланысты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй, көлік және инженерлік коммуникация, көгалдандыру мен абаттандыру саласында әлеуметтік объектілер құрылысының саны өсті. Қаланың рухани-мәдени орталығын одан әрі салу жоспарлануда. Сонымен бірге, аудит барысында даму бағдарламасын іске асыру кезеңінде 99,0 % деңгейдегі жалпы қаражатты игеру кезінде, нысаналы индикаторларға қол жеткізу 80,1 % құрады, бұл қаражатты игеру мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу арасындағы төмен ара қатынас.
Сондай-ақ, 2020 жылдың соңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы шамамен 2,0 млрд.теңгеге сатып алу нәтижесінде халықтың әлеуметтік осал топтарына және (немесе) аз қамтылған көп балалы отбасыларға арналған 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Барлығы – 5313 пәтер, оның ішінде 4039 пәтер кредиттік жүйемен тапсырылса, 1274 пәтер кезектегі азаматтарға беріледі. 53 үйдің құрылысы аяқталып, тапсыру жоспарланған. Тұрғын үйлердің аулаішілік абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 1 мыңнан астам пәтер «Отбасы банк» және екінші деңгейлі банктер арқылы сатылымға қойылады.
Қаламызда көгалдандыруға баса назар аударылады. Әсіресе қарағаш ағашын отырғызуды жалғастыру керек. Өте ұқыпты қараған жөн. Су жағыннан қиындық болмауы тиіс. Қала бойынша жалпы көгалдандыру аумағы 500 мың шаршы метрді құрайды, ал жалпы көшелер саны – 132. Тұрақты түрде сенбіліктер өтіп жатыр. Бұл жалпы қаланың экономикалық жүйесінің тиімділігін арттыруға кезекті қадам. Осылайша, 4-деңгейдегі дербес бюджеттер халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің және Түркістан қаласын абаттандырудың қажетті салаларына бюджет қаражатын неғұрлым тиімді жоспарлауға және пайдалануға мүмкіндік береді, бұл халықты қамтамасыз етудің сапалы жаңа, неғұрлым жоғары деңгейіне көшуді әлеуметтік қайта құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ең бастысы, қаламыздың даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Түркістан қалалық өкілді органдарды осы бағытта біраз жұмыс істеді. Сондықтан бюджетті тиімді басқару және оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау Түркістан қалалық өкілді органдардың алдында тұрған басты міндет болып қала береді.
Әлі шешімін таппаған тағы бір мәселе – бюджетті бөлу тәртібі. Ол экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталмаған. Қаражат күнделікті мәселелерді шешуге жұмсалады, стратегиялық мақсаттар соның көлеңкесінде қалады. Түркістан қалалық өкілді органдарды шығыстардың экономикалық пайдасы барынша жоғары болуына баса мән бере отырып, оның нақты басымдықтарын айқындауы керек.
Енді бюджеттің кіріс бөлігіне келейік. Қазір жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Бұл құжат инвесторларға қолайлы жағдай жасау мен бюджетке қажетті көлемде қаржы түсірудің арасында көкейге қонымды теңгерім болуын қамтамасыз етуі керек. Алайда бизнес қауымдастығында бұл құжат, ең алдымен, салық мөлшерлемесін өсіруді көздейді деген пікір қалыптасып отыр. Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін».
Бюджеттің пайда болуы қаламыздың дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Қаламыздың қажетті ақша қаражаттарын «кіріс» жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы «шығыс» болады.
Мемлекеттік бюджеттің «кірісінің» ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымға қосудан түсетін табыстардан және гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігінің және бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге не ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (жою) көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал нарығынан алынған қарыздар, Ұлттық банктің кредиттері жатады.
Бюджет тиімділігін көтеру ісіне қаржылық тәртіп пен оның ойдағыдай сақталуы септігін тигізе алады. Бұған қоса тайға таңба басқандай айқын жоспарлау қажет. Сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша дәл экономикалық есептер жасалмаса, бюджеттің тиімсіз тұстары жойылмақ емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет тиімділігін көтеру жөнінде қойған міндеттері аталған мәселелерді нақты атқаруды жүктейді.
Бюджет қаражаттарын мақсатты жұмсау мәселесінде белгіленген заңдылықтарды бұзу көріністері де кездеспей тұрмайды.