БастыЖаңалықтар

Шығыс Қазақстанның құтқарушылары қысқа дайындалуда

Көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Шығыс Қазақстанда ұзындығы 256 шақырым болатын 130 қар басып қалатын участіктер күшейтілген бақылауға алынатын болады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 жылыту пункті мен 15 жол бойындағы бизнес нысандарының жұмысы ұйымдастырылады. Ұлан ауданы Привольное ауылында тәулік бойы 1 трассалық медициналық – құтқару пункті жұмыс істейді.

“Жергілікті ауқымдағы ТЖ жою жоспарына сәйкес жеке құрамның 1717 адамы, 686 бірлік техника жұмылдырылады. Оның ішінде 389 қар тазалау техникасы, 181 – инженерлік техника, 30 эвакуациялық техника және 86 жоғары өтімді техника. Жыл сайынғы тәжірибені ескере отырып, бұл техника “Өскемен – Алтай-Үлкен Нарын – Катон Қарағай – Рахманов Қайнарлары”, “Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы”, “Өскемен-Семей”, облыстық маңызы бар жолдарда: “Өскемен-Тарғын-Самар” жолдарда жұмыс істеуге тартылады.

Облыс аумағында 497 көшкін түсетін аймақтар бар. ШҚ”Қазселденқорғау” ММ филиалы облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша қар көшкіні қаупі бар кезеңге уақтылы дайындық мақсатында қар көшкіні маршруттарын әзірледі. Қар көшкіні қаупі бар кезең ішінде бақылаушылар апта сайын қар көшкіні қаупі бар учаскелерге жерүсті зерттеу жүргізеді және қажет болған жағдайда қар массасын түсіруді жүзеге асырады.

“Суық ауа райының басталу кезеңінде азаматтармен олардың жүріп-тұру жолында болатын жазатайым оқиғалар жиілеп барады. Ауа-райының нашарлауын болжау кезінде біз “Дармен”мобильді қосымшасында SMS-тарату, теле-, радиоқабылдау, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы дауылды ескертулерді халыққа жеткіземіз. Дауыл туралы ескертулерді жариялау кезінде алыс қашықтыққа барудан бас тартуды ұсынамыз. Жүргізушілер жолдардың жай – күйі туралы ақпаратты қадағалап отыруы керек”, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

ШҚО ТЖД комиссия құрамында “ҚазАвтоЖол” ҰК “АҚ ШҚОФ,ЖАО, ЖПҚ өкілдерінің қатысуымен” Қазақавтожол”ЖШС облыстық филиалының Республикалық маңызы бар автожолдарды қыс мерзіміне дайындығына тексерулер жүргізіледі, нәтижелері бойынша дайындық актілерін жасалынатын болады.

“Қыс-2024” Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде облыстық Азаматтық қорғау қызметтерін қысқы кезеңнен өтуге тексеру жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button