Жаңалықтар

Өрт сөндірушінің жұбайы оның кәсібімен танысты

 

Өскемен қ. 4 ӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы Хақназар Миллатовтың әйелі Құтқарушылар күні қарсаңында жолдасының жұмыс орнына келіп оның қызметімен танысты.

Ең бірінші өрт сөндіру бөлімін аралап, жиналыстарына қатысып, формаларын киіп көрді. Бұл жерде тырысу керек. Бекітілген норматив бойынша Айдана 19 секундта форманы киіп үлгермеді, оны оңай емес екенін, оған шеберлік және жылдамдық керек екендігін түсінді.

Одан кейін өрт сөндіру автокөлігіне жылдам өз орнын тауып отыру керек болды, оған да үлгермеді, өте көп уақыт кетті.

Құтқарушылармен бірге шартты өртті сөндіріп көрді. Бұл жерде өрт сөндіру оқпанын ұстай алмады, автоцистернадан берілген судың күшімен игеру оңай еместігін көрді.

Өрт сөндіру бөлімінде өткізген 10 минут уақыттың ішінде қатты шаршап, жолдасының қызметінің оңай еместігін түсінді. “Мен және біздің балаларымыз Хақназардың осындай кәсіпті таңдағанына мақтанышпен қараймыз. Ол үшін уайымдаймын, бірақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігіне түсіністікпен қараймын”.

Хақназар Милатов төтенше жағдайлар жүйесінде 10 жылдан астам қызмет етеді. Ол Өскемен қ. табиғи өрттерді сөндіруге, ірі обьектілердегі өрттерді сөндіруге қатысқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button