Жаңалықтар

Қызылордада өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасының іске асырылуы туралы брифинг өтті

Бүгін, 11 қазан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ахметқалиев Қуаныш Жұмағалиұлының қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Еліміздің әр өңірі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі.
Қызылорда облысының картасына агроөнеркәсіптік кешен, жер, жолдар және инфрақұрылым, әлеуметтік сала, бизнес, сейсмикалық қауіпсіздік және т.б. салалар енгізілген.
Қуаныш Жұмағалиұлы картада көрсетілген әрбір сала бойынша Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Атап айтқанда, әлеуметтік саласына сыртқы талдау барысында грант беру кезінде «Мансап орталығы» тарапынан кәсіпкерлерге негізсіз артық талаптар қойылып, олардың құқықтарын шектегені анықталды. Департаменттің ұсынысы негізінде шартта көрсетілген артық талаптар жойылып, 1500-ден аса кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.
Суару сумен қамтамасыз ету саласына келетін болсақ, «Көкарал» бөгеті бойынша бүгінгі күнге дейінгі жұмыстарды қабылдау актілеріне сәйкес, жалпы соммасы 24,7 млн.теңгені құрайтын жұмыстар нақты іс жүзінде атқарылмағандығы анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде мердігермен кемшіліктер жойылды және жетіспейтін құрылыс жабдықтары толықтай жеткізілді. Осылайша жоғарыда көрсетілген қаражаттың жымқырылуының алды алынды.
Сонымен қатар, құрылысы ұзаққа созылған нысандарға қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесімен бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану, жекеленген мердігерлерге артықшылықтар беру, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізіміне кешіктіріп енгізу салдарынан туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
Антикор өз қызметін басқа да мемлекеттік органдармен, қоғаммен және халықпен бірлесіп жалғастыратын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button