Жаңалықтар

inDrive-тің Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқанына 10 жыл толды: компанияның жетістіктері мен көп “Рақметі”

inDrive көлік және қалалық қызметтер ғаламдық платформасы Қазақстанда қызмет көрсетіп жатқанына он жыл толуын атап өтуде. 2014 жылы Қазақстан нарығына шыққан кезде компания өз жұмысын жолаушылар табуға арналған сервис ретінде бастап, қазақстандықтар өмірінің барлық саласын қамтитын көпфункционалды платформаға айналды.

 

Он жыл ішінде қазақстандықтар inDrive арқылы ел ішінде 760 миллионнан астам сапар жасап, 3,75 миллион тонна жүк тасымалдады. Сондай-ақ, inDrive.Курьер арқылы 400 000-нан астам гүл шоғын жеткізді, inDrive.Мастерлер 90 000-нан астам жөндеу жұмысын орындады, ал inDrive.Межгород арқылы 37 миллиардтан астам километр жол артта қалды.

 

Қызмет көрсетуші мен тапсырыс беруші арасындағы тікелей байланысқа негізделген бірегей бизнес үлгісінің арқасында inDrive Қазақстанда мыңдаған жұмыс орындары мен қосымша табыс көздерін ашты.

 

“Осыдан он жыл бұрын біз Қазақстандағы өмірдің ажырамас бөлігіне айналамыз деп ойламаған едік. Бүгінде inDrive – жай ғана сервис емес, адамдардың күнделікті өмірінің бөлігі. inDrive Қазақстанның барлық қалаларында және жүзден астам елді мекенде бар. Қазір платформаны 46 елде 250 миллионға жуық адам қолданады. Алдағы бес жылдағы мақсат – қолданушылар санын бір миллиардқа жеткізу”, – деді inDrive-дың Қазақстандағы country-менеджері Арай Бекембаев.

 

Компания Қазақстандағы әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударады. inVision бөлімшесі арқылы спорт, білім беру, мәдениет және гендерлік теңдік салаларында жобаларды іске асырады:

  • Supernovas – ауылдық аймақтардағы балалар футболын дамыту бағдарламасы.
  • Spark Lab – әлеуметтік және экологиялық бағыттағы нақты жобаларды әзірлейтін студенттерге арналған бағдарлама.
  • Beginit – жастар арасында көшбасшылық пен кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бағдарламасы.
  • Aurora Tech Award – жобасының әлеуметтік әсері айқын әйел кәсіпкерлерге арналған марапат.
  • Alternative Film Award – дамушы өңірлердегі режиссерлерді қолдауға арналған кино жүлдесі.

 

Мерейтой құрметіне inDrive қолданушыларға арнайы акциялар өткізді. Соның ішінде компания негізін қалаушы Арсен Томскийдің арнайы “Рақметі” ерекшеленді – ол inDrive жүргізушісі ретінде рөлге отырып, жолаушылармен кездесті. Тағы бір бастама аясында Арсен Томский жасанды интеллект технологиясының көмегімен Қазақстанда 10 жыл бойы қызметті қолданған барша адамдарға ризашылығы мен алғысын білдірген 10 сағаттық бейнежазба жасады. Сонымен қатар, Алматы мен Астана тұрғындары Рақмет есімді жүргізушілері бар премиум электромобильдерде тегін жүріп, заманауи гаджеттерді ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Жергілікті BASQA брендімен бірлесіп “Drive your moment” капсулалық топтамасын шығарды, ал қолданбада әрбір қолданушының сапар саны мен басқа да деректер бойынша жеке статистикасы көрсетілген бөлім пайда болды – әркім өзінің қызметпен бір жүрген жолын көре алады.

 

Бүгінгі таңда inDrive әлемнің 46 елінде сәтті жұмыс істейді, бірақ компанияның халықаралық экспансиясы дәл осы Қазақстаннан басталған болатын. Қазақстан компания үшін екінші үйіне айналып, енді мұнда ең үлкен операциялық хаб орналасқан. Алматыда бір емес екі кеңсе бар, онда мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Үшінші кеңсе – Астанада. 2024 жылы inDrive негізін қалаушы, Якутск тумасы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды. inDrive әрбір қазақстандыққа он жылдық серіктестік үшін алғыс айтып, көп “Рақмет” дейді.

 

inDrive туралы ақпарат

inDrive – Маунтин-Вью (Калифорния, АҚШ) қаласында орналасқан көлік және қалалық қызметтер платформасы. 2022 және 2023 жылдар аралығында inDrive қосымшасы әлемде жүктелу саны бойынша екінші орында тұр. Қосымшаны 240 миллионнан астам адам жүктеген. Жолаушылар тасымалынан бөлек, inDrive қызметтердің кеңейіп жатқан тізімін ұсынады, оның ішінде қаларалық және жүк тасымалдау, шеберді шақыру, курьерлік және B2B жеткізу қызметтері бар.

inDrive әлемнің 46 еліндегі 779-дан астам қалада жұмыс істейді. Компания келісілген төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды, бұл білім беру, спорт, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және өмірлік маңызы бар басқа да бастамаларды жақсартуға көмектеседі.

 

Толық ақпарат: www.inDrive.com

Басқа жаңалықтар

Back to top button