Жаңалықтар

Алматы облысында соңғы 11 айда 23 мыңға жуық бала дүниеге келген

 

Соның ішінде, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 1000 астам нәресте дүние есігін ашқан. Емдеу мекемесінің перзентханасының ерекшелігі – босану бөлмелерінің жеке жоспарлануы, олардың сапалы түрде барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі: ыңғайлы трансформер төсектері, кардиомонитор, баланың киімін ауыстырғанда жылытылатын үстелдері, операциялық шамдар, электронды таразылар және т.б. Сонымен қатар, перзентханада тек бір реттік жиынтықтар, катетерлер, инфузиялық жүйелер қолданылады. Перзентхана және гинекологиялық бөлімшелердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы бүгінде 100 пайызды құрап отыр.

Жасалған қолайлы жағдайларды алдыға тартып, бірнеше күн бұрын алғашқы перзентін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасында босанған Айнұр есімді келіншекпен сұқбаттастық. Жас әйелдің сөзінше, босану бөлмесінде ол өзін ыңғайлы сезінген, еркін ұстай алатындығын түсінген: босануға дайындалу кезеңінде палатада жүре алған, жата алған, тізе-шынтақ күйін ала алған, сүйікті әуенін тыңдай алған. Сонымен қатар, қалауынша, жеке киімдерін, алынбалы аяқ киімді, жеке гигиена құралдарын пайдалануға мүмкіндігі бар екендігін түсінген.

Елеусізова Назгүл Асқарқызы, әйелдер кеңесінің акушер-гинеколог дәрігері: «Біздің перзентхананың дәрігерлері табиғи босануды қолдайды, сондықтан дәрігер тек босану процесін бақылайды, араласады және тек қатаң медициналық себептермен дәрі-дәрмектерді қолданады. Босану кезіндегі кез келген манипуляциялар медициналық араласу қажеттілігін егжей-тегжейлі түсіндіріп, босанған әйелдің келісімін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бөлімшеде дені сау жүкті әйелдерге ғана емес, сонымен қатар тәуекел тобына жататын науқастарға, перинаталдық проблемалары бар әйелдерге де жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кесар тілігінен кейін жатырында тыртығы бар әйелдерді де қынап арқылы босануды тәжірибелейді. Кешенді бағалаудан кейін, оның ішінде анамнез деректері, алдыңғы операцияға көрсеткіштерін егжей-тегжейлі қарастырамыз. Табиғи түрде әйелдің өзі босануы мүмкіндігін анықтаймыз. Бұл медициналық іс-шараларды тек тәжірибелі акушер-гинекологтар жүргізеді. Директорымыз, жоғары санатты акушер-гинеколог Ракишева Айман Ғалымжанқызы бұл іс-шараны жеке бақылауында ұстайды. Операцияларды акушер-гинеколог, анестезиолог, неонатологтар тобы жасайды. Анестезия әдісін босану кезіндегі әйелдің, ұрықтың жағдайын ескере отырып, анестезиолог жеке анықтайды. Операция үшін анестезия әдісін таңдағанда, әйелдің қалауы да ескеріледі».

11 айда Алматы облысында 204 егіздер және бір үшем дүние есігін ашқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button