Алматы облысында отбасын қолдау орталығы көбеюде
Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында кезекті отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады.
Дәл осындай орталықтар 2023, жылы, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, 2024 жылы Іле ауданы мен Қонаев қаласында, сонымен қатар Жамбыл және Райымбек аудандарында ашылуда.
Мемлекет басшысы: “Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару және алдын алу шараларын кешенді түрде жүргізу қажет.
Бұл мәселе әділетті мемлекет құру үшін өте маңызды. Көптеген әлеуметтік кеселдің түп тамыры, соның ішінде қылмыс көбіне тұрмысы нашар отбасылардан бастау алады. Мұндай отбасылардағы зорлық-зомбылықтар балалардың сана-сезіміне және психикасына кері әсерін тигізеді” деген болатын.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, “Отбасын қолдау орталықтары” өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға кешенді қызмет көрсетіп келеді.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша, орталық мамандары “Участок” жедел алдын алу шараларындағы анықталған, тұрмысы төмен, әр-түрлі қиыншылықтары бар отбасыларға заң аясында толыққанды қызмет көрсетуде.