Жаңалықтар

Сәтбаев қаласы индустриялық аймақты дамыту жолында: «Каз Тек Инвест» және «Harmony Cable»компанияларымен іскерлік кездесу өтті.

Сәтбаев қаласының индустриялық аймағын дамыту және жаңа инвесторларды тарту аясында қала делегациясы Алматы облысында болып, отандық жарықтандыру өнімдері мен металл бұйымдарын өндіруші жетекші кәсіпорындардың бірі — «Каз Тек Инвест» компаниясының басшылығымен ресми кездесу өткізді.

 

Сондай-ақ, делегация кабель өнімдерін шығаратын «Harmony Cable» зауытының өкілдерімен де бірқатар келіссөздер жүргізді. Тараптар өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру, жаңа өндірістерді орналастыру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

 

Бұл кездесулер Сәтбаев қаласының инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button