Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ТЕАТР – ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫНДА

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық Драма театры Ұлытау облысындағы гастрольдік сапарының бүгін шымылдығын түрді. 12-15 сәуірге жоспарланған «Әкемтеатр» қойылымдарының алғашқысы – Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» шығармасының желісімен сахналанған қойылым болды. Режиссері – Ә.Рахимов.

 

Қазақ театрларының қара шаңырағынан келген өнер иелеріне қойылым алдында Ұлытау облысы әкімінің құттықтау хаты, естелік сыйлығы мен ықылас гүлі табыс етілді.

 

Актерлердің асқан шеберлігінің арқасында Ұлытау облысының тұрғындары рухани азық алып, қонақтарға қошемет білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button