Жаңалықтар

Негізгі міндет – өрт қауіпті жағдайлардың болдырмау

Брифингте БАҚ өкілдерімен Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірде өрт қауіпті кезеңнің басталғанын хабарлады. Бүгінгі күні облыста 178,8 гектар аумақта 4 орман өрті және 56,5 гектар аумақта 5 дала жануы тіркелді.
Облыстың орман қорының жалпы ауданы 2,9 млн. гектарды құрайды, оның ішінде орманмен қамтылғаны 1,6 млн. гектар.
Өрттердің алдын алу мақсатында табиғи өрттерді болдырмау және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді.
Өрт қауіпті кезеңде Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 1589 адамнан тұратын жеке құрам мен 306 техника қамтамасыз етілген. Лизингтік қаржыландыру аясында республикалық бюджет есебінен 23 техника және жергілікті бюджет есебінен 30 техника жеткізілді. Республикалық бюджеттен тағы 9 техника келуі күтілуде. ШҚО ТЖД балансында өрттің ауқымын бақылау және анықтау үшін қолданылатын 12 ұшқышсыз ұшу аппараттары бар. Сондай-ақ, «Қазақстан ғарыш сапары» арқылы термонүктелер бойынша ғарыштық мониторинг деректерін беру жүзеге асырылады.
Брифингте Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері өңірде орман иелерінің өрт қауіпті маусымға дайындығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Орман өртімен күресу бойынша аудандық және ауылдық округ әкімдіктерімен келісілген жедел жоспарлар әзірленді. Өрт қауіпті кезеңге патрульдеу схемалары бекітілді, су алу үшін табиғи көздерге кіреберіс жолдарын жасау жұмыстары басталды. Өртке қарсы инвентарь мен жабдықтардың қажетті қоры жөнделіп, жасалды.
Шығыс Қазақстан облысында елдегі ең ірі орман массивтері орналасқан, бұл өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударуды талап етеді.
Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтері бойынша, өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жоқ елді мекендерде 48 өрт посты мен 9 ерікті құрылымдар құрылды. Сонымен қатар Алтай және Маркакөл аудандарында екі жаңа өрт постының құрылысы басталды.
Минералдандырылған жолақтарға жылдық жоспар бойынша 62 км жасау жоспарланған, және оларға күтім мен жаңарту жалпы ұзындығы 540 км жүргізілетін болады. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы туристер, аңшылар, балықшылар және саяжайларға басты назар жасай отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша кең ауқымды профилактикалық жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Жоғары өрт қауіпсіздігі жағдайында ормандарға баруға шектеулер енгізілетін болады. Өрт сөндіру техникасының паркі тұрақты түрде жаңартылып отырады. Өткен жылы 5 жол талғамайтын трактор сатып алынды. Биылғы жылы 65 өрт сөндіру техникасы сатып алынды. Лизингтік қаржыландыру аясында тағы 110 техника сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ байланыс құралдары сатып алынып, орман қорғау қызметкерлерін оқыту мен қайта даярлау жүргізілуде. Атап айтқанда, облыстың орман қорғау қызметінің 129 қызметкері Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғау академиясында оқудан өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button