Жаңалықтар

Жеңіс — бірліктің жемісі!

 

Спорт мектебіміздің түлектері, шайбалы хоккейден U16 жас санатындағы «YASTREBY» командасы Егор Викторович Сергеевтің жетекшілігімен 2024–2025 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында “B мықтылар”тобында 1-орынға иеленіп, чемпион атанды!

Финалдық ойында жас спортшыларымыз Петропавл қаласының “QULAGER”командасын 2:3 есебімен жеңіп, Ұлытау облысының атынан өнер көрсетіп, аймағымыздың абыройын асқақтатты.

Бұл жеңіс — бапкердің кәсіби еңбегі, ата-аналардың қолдауы, сондай-ақ
Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен
Сәтбаев қаласының спорт бөлімінің жүйелі қолдауының нәтижесі.

Баршаңызды жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — бәріміздің ортақ жетістігіміз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button