Жаңалықтар

Жезқазған қаласындағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Соғыс жылдарындағы әндер» атты І облыстық әжелер ансамблінің фестиваль-байқауы өтті. Шара Ұлытау облысы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты – соғыс жылдарындағы жауынгерлік әндерді насихаттау арқылы ардагерлер ерлігін ұлықтау, өнерлі зейнеткерлердің шығармашылығына қолдау көрсету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

 

Байқауға Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жәйрем кенті, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарынан әжелер ансамбльдері қатысып, көрермендердің жүрегіне жол тапты.

 

Фестивальге Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова қатысып, жылы лебізін білдірді.

 

Фестиваль нәтижесінде, 1-орынды Ұлытау ауданы, 2-орынды Жаңаарқа ауданы, 3-орынды Жезқазған қаласының әжелер ансамбльдері иеленді.

 

Фестиваль – ұлттық рух пен отансүйгіштікке толы шынайы өнер мерекесіне айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button