Жаңалықтар

Жаңаарқа ауданы «АСАР» шаруа қожалығында 1000-нан аса ересек құралай өсірілуде

Жаңаарқа ауданындағы «АСАР» шаруа қожалығында ерекше жоба жүзеге асырылуда. Бұл жерде бүгінде 1000-нан аса ересек құралай қолдан өсіріліп жатыр.

АСАР шаруашылығы Бетпақдала популяциясының табиғи ареалында орналасқан. Бұл өңірде жыл сайын жаз, қыс мезгілдерінде мыңнан астам киік мекендейді. Осындай табиғи ортада орналасуы шаруашылыққа дала жануарларын бақылауға, зерттеуге және қолдан өсіруге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда ақбөкендер арасында кездесетін инфекциялық ауруларды ерте анықтау мен зерттеу жұмыстары да жолға қойылған.

Шаруашылық Батыс Қазақстандағы ғылыми мекемелермен де әріптестік орнатып отыр. Атап айтқанда, Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университетімен бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Қажетті рұқсат құжаттары рәсімделген, заңды негізде жұмыс жүргізілуде.

Бұл бастама — ақбөкен популяциясын сақтау және олардың биологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button