Жезқазған полицейлері ерлікпен қаза тапқандарды құрметпен еске алды

⚜️ Бүгін Жезқазған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етті. Олар бейбіт күннің батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
⚜️ Салтанатты іс-шараға Жезқазған қаласы Полиция басқармасының басшылығы және жас қызметкерлер қатысты. Іс-шара барысында жиналғандарға қаза тапқан әріптестердің ерліктері, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жанқиярлық еңбектері туралы айтылды.
⚜️ “Біз бүгін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін жиналдық. Олардың әрқайсысы – біздің есімізде мәңгі сақталатын ерлік пен қаһармандықтың үлгісі. Олардың аты қашанда қазақстандық полицияның тарихында алтын әріптермен жазылып қала береді,” – деді Жезқазған қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Жанғазы Жанділдин