ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

🎉 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Түркістан қаласында өңірдегі журналистер мен медиа саласының қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды. Шараны Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мен облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп өткізді.
Спорттық сайысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан келген 10-ға жуық команда қатысты. Қатысушылар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі және арқан тартыс сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Жарыс сергектік пен бәсекеге толы форматта өтті. Журналистер тек ақпарат таратып қана қоймай, спорт алаңында да ұйымшылдық пен шеберліктерін көрсете білді.
⚽️🏐 Командалық есеп бойынша:
-
🥇 1-орынды – “Баспасөз хатшылары” командасы иеленіп, ұйымшыл ойын үлгісін көрсетті;
-
🥈 2-орын – “Turkistan” телеарнасының командасына бұйырды;
-
🥉 3-орын – “Тұран БАҚ” командасы еншіледі.
Сонымен қатар, әр спорт түрі бойынша үздік ойыншылар анықталып, арнайы номинациялармен және қаржылай сыйақымен марапатталды. Арқан тартыс пен футболда ерекше көзге түскен қатысушыларға спорттық құрал-жабдықтар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
📸 Спартакиада барысында БАҚ өкілдері бір-бірімен етене танысып, бейресми ортада пікір алмасып, кәсіби байланысты нығайтуға мүмкіндік алды. Осындай шаралар журналистер қауымының бірлігін арттырып, саламатты өмір салтын насихаттауға серпін береді.
🔹 Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған бұл спорттық шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табады деп жоспарланып отыр.