Жаңалықтар

Ұлытау облысының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан халқы Ассамблеясы қойған міндеттерге сәйкес жүзеге асырады және қоғамдық келісімді, этносаралық толеранттылықты және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.

Облыста ҚХА құрылымдары этносаралық қатынастарды реттеудің тиімді жүйесін құру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Дәстүрлерді, мәдени бірегейлікті сақтауда, сондай-ақ мәдениетаралық диалогты қалыптастыруда мынадай құрылымдар ерекше рөл атқарады

• ҚХА-ның 1 облыстық кеңесі;

• 6 Ақсақалдар кеңесі (1-облыстық, 3 қалалық; 2 аудандық).

• 9 Аналар кеңесі (1 облыстық, 3 қалалық; 2 аудандық; 3 ауылдық (Жәйрем, Қарсақбай, Кенгір).

• 9 этномәдени бірлестік (оның ішінде, 3 облыстық филиал және 6 қалалық, барлығы әділет органдарында тіркелген);

• 3 бастамашыл топ. (1 неміс, 2 азербайжан)

Тіркелген 9 этномәдени бірлестіктің 7-уі 2025 жылы аккредитациядан өтті.

• Ғылыми-сараптамалық топ;

• «Ассамблея жастары» РҚБ филиалы;

• Журналистер клубы мен сарапшылар тобы;

• «Жомарт жан» орталығы;

• «Этномедиация» орталығы.

Облыстың этномәдени бірлестіктері өз қызметін 25 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырып келеді. Олар мәдени, қоғамдық-рухани, ағартушылық және тәрбиелік іс-шараларды белсенді өткізуде.

2025 жылдың қаңтар айында Ұлытау облысы елімізде алғашқылардың бірі болып Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік ырғағында» атты іс-шараны бастады.

Мемлекеттік, ұлттық және басқа да атаулы мерекелерді орындау барысында 40-тан астам іс-шара өткізілді: Алғыс күні, Қазақстан халқының бірлігі күні, Наурыз, Рождество Масленица, Корей жаңа жылы Солляль алдағы жарты жылдықта Республика күні, Яблочный спас, Сабантуй, Сөмбелә, және басқа атаулы күндерге байланысты іс-шаралар жоспарда бар.

«Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 арнайы жобасын іске асыруда.

Жобалар қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтиды, әртүрлі мақсатты аудиторияларға бағдарланған және этноәлеуметтік саясат саласындағы міндеттерді шешуге жүйелі және кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

Өңірде аталған жобаларды жүзеге асыру туралы толығырақ:

1. “АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР “-

Облыстық және қалалық мәслихаттардың құрамына” Жомарт Жан “орталығы және Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылымдарының бір мезгілде мүшелері болып табылатын жеті депутат кіреді. Мұндай өзара iс-қимыл өкiлдiк билiк органдарының азаматтық қоғам институттарымен неғұрлым тығыз ықпалдасуына жағдай қарастырылып отыр.

Жыл басында депутаттар мен облыстық Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетінде «Мақсат – экономика мен егемендікті нығайту» тақырыбымен жарияланған сұхбаты талқыланды.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы айтқан бастамаларға қолдау білдіріп, келесі бағыттардың маңыздылығын ерекше атап өтті: жаһандық тұрақсыздық жағдайында елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайту; білім берудегі, денсаулық сақтаудағы және әлеуметтік саясаттағы реформалар арқылы адами капиталды дамыту.

«Ақсақалдар кеңесі» бұл басымдықтар халықтың үмітіне толығымен сәйкес келетінін және жергілікті билік органдарының жұмысындағы маңызды бағдарлар болып табылатынын атап өтті.

Кездесу барысында су тасқыны жағдайына ерекше назар аударылды. Климаттық болжамдарды және өңірдегі қардың жиналуын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ықтимал салдарды болдырмау жөніндегі ағымдағы шаралар туралы баяндады. Жалпы облыстық ҚХА құрамында 10 мәслихат депутаты бар. ҚХА 34 сессиясына облыстан 7 депутат қатысты. Оның ішінде, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары бар.

2. «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ТІЛІ» ЖОБАСЫ-

Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді оқыту. Жоба аясында өңірімізде этносаралық келісімді ілгерілету және мемлекеттік тілді насихаттау үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Атап айтқанда:

– Ай сайын «Қазақшаныз қалай?» айдары шығады – бұл қазақ тілін меңгерген түрлі этностың өкілімен сұхбат немесе қысқаша сюжет. Олар қазақ тілін үйренудегі өз жолдары туралы айтады. Айдардың мақсаты:

 қазақ тілі ұлтына қарамастан баршаға қолжетімді екенін көрсету.

 басқаларды шынайы мысалдар арқылы қазақша оқуға ынталандыру.

 қазақ тілінің Қазақстандағы қарым-қатынас жасаудың ортақ құралы ретіндегі рөлін баса көрсету.

Облыстың «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-мен бірлескен жобалар бар, олардың аясында түрлі этностардың өкілдері мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға белсенді қатысады.

Бұл дөңгелек үстелдер, конференциялар, байқаулар, сондай-ақ қазақ жазушылары мен ақындарының атаулы күндеріне орайластырылған шығармашылық кездесулер, мысалға, сәуір айында «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімнің кепілі» атты облыстық конференция өтті, онда ҚХА мүшелері өз баяндамаларын таныстырды. (Гилемханова Зульфия Зуфаровна – «Мемлекеттік тіл – этносаралық келісімнің кепілі», «Конгресс татар и башқұрт Казахстана» РҚБ филиалының төрайымы. Пак Евгений Вячеславович -«Тілегі ортақтың тілі ортақ!» «Ассамблея жастары» ҚБ басшысы. Жумкина Светлана Серікбайқызы – «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейліктің темірқазығы», ф.ғ.к.,облыстық мәслихат депутаты. Гатиятова Анита Ринатовна -«Қазақ тілі ұлттық бірегейліктің негізі және Қазақстанның қазіргі қоғамындағы қоғамдық келісімнің факторлары ретінде» «Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ мүшесі.

Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-ші сессия қорытындысы бойынша, Республика күніне орай «Өнерім саған – Қазақстан!» фестивалін жоспарлап, оған қазақ халық әндерін орындайтын түрлі этностардың өкілдері қатыстыру қазан айына жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыстық шығармашыл топтардың фестивалі өтіп, республикаға ұсынылған болатын. Жезқазған қаласы «Коляда» орыс этномәдени бірлестігінің шығармашылық тобы осы фестивальдің бас жүлдесін иеленді.

2. «ЖОМАРТ ЖАН» жобасы – Оның құрамына 10 адам кіреді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» орталығы «Жүректен жүрекке», «Мейірім шуағы», «Мектепке жол» бағыттары бойынша қайырымдылық бастамаларын белсенді жүзеге асыруда.

Облыстық мәслихат депутаты, ҚХА «Жомарт Жан» орталығының мүшесі Распопов Николай Иванович М.Кулушева атындағы балаларды қолдау орталығына тұрақты түрде қамқорлық жасап келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 2025 жылдың басынан бері этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ақсақалдар кеңесі» және «Аналар кеңесі» мүшелері бірқатар қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, өткізді.

Өткізілген іс-шаралардың ішінде:

– 15-тен астам мұқтаж отбасына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек;

– жалғыз басты қарт адамдарға әлеуметтік қоржын;

– Жезқазған қаласындағы Аналар үйіне;

– Маруа Кулушева атындағы балаларды қолдау орталығына ұлттық ойындар бойынша спартакиада өткізіп, жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға сыйлықтарға ие болды.

Барлығы 2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында 37 қайырымдылық іс-шара өткізілді.

4. «САН АЛУАНДЫҚТАҒЫ БІРЛІК» ЖОБАСЫ

Облыстың этномәдени бірлестіктері мерекелік іс-шаралар мен мәдени фестивальдерді ұйымдастыруда белсенді және көпқырлы қоғамдық қызметті жүргізеді. Өткізілетін іс-шаралар этносаралық келісімді нығайтуға және азаматтық бірегейлік құндылықтарын ілгерілетуге ықпал ете отырып, жоғары әлеуметтік, мәдени және тәрбиелік мәнге ие.

Мәдени және этникалық әралуандық жыл басында «Этноглобус» жобасы іске қосылды. Бұл жоба Қазақстан халқы Ассамблеясындағы (ҚХА) қызметтері туралы жарияланып, этносаралық өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті. «Алуан түрліліктегі бірлік» жобасы арқылы мәдени мұра, халықтың тарихи мәселелеріне, сондай-ақ туындылары тақырыптық кездесулердің маңызды бөлігіне айналған қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығына, жұмысшы мамандығы жылына ерекше назар аударылды.

Әдеби және ағартушылық шаралар Тарас Шевченко, Муса Жәлел, Габдол Туқайға, сондай-ақ қазақ жазушылары мен ақындарына арналды. Мысалы, «Тукай көктемі» оқырмандар байқауы аясында Қазақстан халқының әдеби мұрасын дәріптеуде маңызды рөл атқарады. Олар рухани ортақтықты нығайтады, оқуға, әдебиет пен ана тіліне қызығушылықты дамытады.

Фестивальдер, спорттық және бұқаралық акциялар, шығармашылық байқаулар, этномәдени концерттер, көрмелер, бейнероликтер байқаулары, шығармашылық ұжымдардың, жастар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін біріктіреді. Бұл халық арасында бірлік сезімін күшейтеді, қоғамдық өмірге белсенді қатысуды көтермелейді және салауатты өмір салтын насихаттайды. («Бірлік» марафонын, «Біз Ұлы дала перзентіміз!» атты бейнеролик сайысын атауға болады.)

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойларына, Алғыс айту күніне және Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған іс-шараларды қоса алғанда, мәдени өмірдегі маңызды даталардың көрінісі ұлттық тарихқа, мемлекеттік мерекелерге және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдеріне құрметпен қарауды көрсетеді.

Қазақстан халқының бірлігі күніне белсенді жұмыстарының нәтижелері бойынша өңірдің барлық аккредиттелген этномәдени бірлестіктер облыс әкімінің грантымен марапатталды.

«АССАМБЛЕЯ АЙНАСЫ» ЖОБАСЫ ҚХА қызметін медиада насихаттауға бағытталған. Бүгінгі таңда Ұлытау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубына 12 адам кіреді. Олардың арасында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ басшылары, бас редакторлары, тілшілері бар. Олар Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен, өңірдің этномәдени бірлестіктерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Клубтың негізгі қызметі: этносаралық келісім, мәдени мұра және тіл саясаты тақырыптарында кездесулер және медиасеминарлар өткізу; ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің қызметіне арналған материалдарды дайындау және өңірлік баспасөзде және ақпараттық порталдарда жариялау; Ұлытау облысы өкілдерінің жұмыстарын ұсына отырып, ҚХА-ның «Шаңырақ» және «Аңсар» сияқты республикалық конкурстарына қатысу.

Клуб журналистері ҚХА қызметіне арналған бірнеше тақырыптық айдарлар жасады. Облыстық «Ұлытау» телерадиокомпаниясының эфирінде (Жезқазған қаласы) «Қазақстан – достық бесігі» бағдарламасы көрсетіледі. Aqsham телеарнасында айына бір рет «Бірлігіміз – әралуандықта» бағдарламасы шығарылады. «Шарайна» газетінде «Ассамблея тұлғалары», «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» айдарлары жарық көреді Алдағы уақытта қатысушылар санын кеңейту, мультимедиялық форматтарды енгізу және басқа өңірлердің редакцияларымен бірлескен жобаларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Клуб құрамына жетекші БАҚ өкілдерін қосу туралы тапсырмасы орындалып жатыр.

Осы тармақты орындау шеңберінде құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының өкілдері кірген спикерлер пулы құрылды. Аталған спикерлер ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларға, сондай-ақ диалог алаңдары мен қоғамдық бастамаларға қатысуға тартылады.

6. «ТАМЫРЛАС» ЖОБАСЫ Жоба этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық белсенділердің қатысуымен мәдени және әлеуметтік іс-шаралар арқылы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Мақсаты – жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру және патриотизм, бірлік, еңбекқорлық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын ілгерілету. Жоба біздің өңірдің ерекшеліктеріне бейімделген және халықпен ағартушылық жұмысты қамтиды.

Ғылыми бөлімде этносаралық қатынастарға және этнос, ұлт және халық сияқты ұғымдарды түсінуге ерекше көңіл бөлінеді.

Маңызды бағыттардың бірі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады. Бұл бағытта дін істері жөніндегі облыстық бөліммен ынтымақтастық жүргізілуде, ал этномәдени бірлестіктердің өкілдері семинарларға қатысады.

7. «БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» ЖОБАСЫ Жобаның мақсаты – ұлтына, дініне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар арасында теңдік, әділдік және өзара сыйластық қағидаттарына негізделген тұрақты қоғам құру.

Облыста жоба шеңберінде мынадай негізгі бағыттар іске асырылуда:

Жастармен жұмыс: Жастарда патриоттық, жауапкершілік және азаматтық ұстаным сезімін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді. Жастар форумдары, білім беру семинарлары мен еріктілер бастамалары өткізіледі. «Таза Қазақстан» акциясы аясында мәдени-тарихи ескерткіштерге құрметпен қарау, атап айтар болсақ а.ж. Ассамблея жастары кен өндірісінің қаһарманы, Социалистік Еңбек Ері Ғазиз Омаровтың 100 жылдығы қарсаңында ескерткішіне тазалық жұмыстарын жүргізді. Облыстық «Даналық vs қуат» тақырыбында студенттер арасында дебат турнирі өткізілді. Дебат мүшелерімен «Әке жолы ізгі жол!» тақырыбында сараптама алаңы ұйымдастырылып, іс-шараға «Қазақстанның еңбек ері», 1 –ші дәрежелі «Шахтер даңқы» медальнің иегері Тұрсынбек Макишев қатысты.

Қоғамдық диалог: Билік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті тұрғындар арасында ашық диалог алаңдары құрылуда.

«Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күні-мұндай кездесулер өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың түрлі топтарының арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Ал, «Даналық көпірі» тұжырымдамасы бойынша тұрғындармен интерактивті кездесу өткізу әр тоқсанның соңғы бейсенбісі болып белгіленген. Осы іс-шараны толыққанды өткізуге партия өкілдерімен тығыз байланыс орнатуға жергілікті ішкі саясат бөлімі ықпал жасаса деген ұсынысым бар.

8. «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ

Ұлытау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі «Салауатты сана» жобасы аясында жастар арасында салауатты қоғамдық сананы, рухани құндылықтар мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған кешенді ақпараттық-тәрбие жұмысын жүргізуде.

Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік қауіпті бес кеселдің алдын алу және онымен күресу болып табылады:

нашақорлықпен,

лудоманиямен,

тұрмыстық зорлық-зомбылықпен,

вандализм,

ысырапшылықпен.

Аналар кеңесі облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде мектептер мен колледждердің 2500-ден астам оқушысын қамтитын 30-ға жуық тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырды.

Жыл басында Қаражал қаласында 150 адамды қамтыған Аналар кеңесінің «Ана-тәрбиенің қайнар көзі» атты облыстық форумы өтті.

Іс-шаралар барысында нашақорлықтың және ойын тәуелділігінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, осы кемшіліктердің жеке тұлға мен қоғам үшін салдары баяндалды, салауатты өмір салтын жүргізудің және тұрақты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Ұлытау ауданының мектептерінде зорлық-зомбылықтың алдын алу, қарым-қатынас мәдениетін, құрдастарына құрметпен қарауды және оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамытуға бағытталған тәрбие сағаттары өткізілді.

Еңбек тәрбиесіне, отбасылық құндылықтарға ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында педагогикалық еңбек ардагерлерімен және көшбасшы әйелдермен кездесулер ұйымдастырылды. «Нан – барлық нәрсенің бастауы» атты тақырыптық іс-шаралар жастардың назарын ойсыз тұтынудың зияны мен ысырапшылдыққа қарсы күрестің деструктивті мінез-құлық үлгісі ретіндегі маңыздылығына аударуға мүмкіндік берді.

Жаңаарқа ауданындағы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруге, тарихи-мәдени мұрамен танысуға және моральдық құлдырауға балама ретінде ұлттық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін экскурсия өткізілді.

Колледж студенттері көшбасшы әйелдермен – кәсіпкерлермен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесуге қатысты. Мұндай бастамалар жастарда дамуға, өзін-өзі іске асыруға және әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған тұрақты өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Отбасы күні аясында мектептерде көп балалы аналармен кездесулер өткізіліп, онда тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, отбасылық міндеттердің маңыздылығы және отбасылық тәрбиенің рөлі талқыланды.

Сондай-ақ, Сәтбаев қаласында жастарды әдеби және рухани салаға тартуға, ой-өрісін кеңейтуге және адамгершілік иммунитетті нығайтуға бағытталған «Автормен диалог» мәдени-ағартушылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Балалаларды қорғау күніне «Қазақстан балалары» іс-шаралар тұжырымдамасы негізінде «Әкем-тірегім, анам-жүрегім!» тақырыбында Сәтбаев қаласы мен Жәйрем кенті Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен асфальтқа сурет салу сайысы, Жезқазған қаласының бастауыш мектеп оқушылары «Полицияға хат» жазды. «Бақытты балалар-бақытты ел» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырды. «М.Құлышова атындағы балларды қолдау орталығына» қуыршақ театры қойылым көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға «Наурыз паркінде «Мейірім шуағы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

«Салауатты сана» жобасы аясындағы Аналар кеңесінің қызметі өзінің жоғары өзектілігі мен тиімділігін көрсетті. Маусым айында «Ананың рөлі: салауаттылық пен ұрпақ қамы» атты тақырыпта облыстық ҚХА Аналар кеңесінің форумы өтті. Маруа Құлышованың 80 жас

9. АДАЛ АЗАМАТ ЖОБАСЫ Адал, адамгершілік жағынан жетілген және патриоттық бағдарланған азаматты қалыптастыруға бағытталған «Адал азамат» әлеуметтік-тәрбие жобасын іске асыру шеңберінде есепті кезең ішінде маңызды қоғамдық-тәрбиелік маңызы бар бірқатар мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Отбасы, дәстүр және ұрпақтар сабақтастығы институтын нығайту: өңірдің «Ақсақалдар кеңесі» және «Аналар кеңесі» бірлескен отырыстары, сондай-ақ көп балалы аналармен және жас отбасылармен кездесулер отбасылық және қоғамдық құндылықтарды, рухани мұра мен жастарды тәрбиелеудегі аға ұрпақтың рөлін талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналды. Ақсақалдар мен аналардың тәлімгерлігі арқылы жобаның негізгі идеясы – жауапты және лайықты азаматты қалыптастыру іске асырылады. Ислам және отбасылық құндылықтар жылы аясында «Batamenen el kogerer» конкурсы өткізілді. Жезқазған қаласының мешітінде жас отбасылармен кездесу өтті. Отбасы күніне орай ақсақалдар мен аналардың батасы мен тәлімі берілді.

Жастардың патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесі – Қаражалда С.Сейфуллин атындағы мұражайда жастармен кездесу өтті және Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігін талқылау елдің тарихи мұрасын құрметтеу мен патриотизмді нығайтуға ықпал етті. Рухани-адамгершілік аспектілерге, соның ішінде ислам мен қазақ мәдениетінің негізгі құндылықтарының бірі ретінде ысырапшылықтың алдын алуға және бірқалыптылықты насихаттауға бағытталған имамдармен форум форматында ерекше назар аударылды.

Әйелдерді әлеуметтік қолдау және қоғамдық бастамаларға тарту – көп балалы аналармен дөңгелек үстел, «Алқалы Ару» конкурсын өткізу, сондай-ақ әйелдердің тәрбиелік іс-шараларына қатысуы салауатты қоғамды қалыптастыруда және жобаның міндеттерін іске асыруда әйелдер қоғамдастығының өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.

ҚХА қоғамдық келісімі мен құндылықтарын ілгерілету – барлық іс-шараларда Қазақстан халқы Ассамблеясының идеялары: бірлік, толеранттылық, ұрпақтар арасындағы диалог пен этноконфессиялық үйлесімділікке ерекше назар аударылды. ҚХА-ның 30 жылдығына дайындық көптеген талқылаулар тақырыбының маңызды байланыстырушы элементіне айналды.

Ақпараттық жұмыс және халыққа консультациялық қолдау көрсету – «Маман кеңесі» айдары аясында ағарту жұмыстары жүргізіледі, оның барысында түрлі облыстардың мамандары өзекті әлеуметтік сұрақтарға ұсыныстар мен жауаптар береді. Бұл халықтың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

10. «ЕЛДЕСУ ЖӘНЕ ТАТУЛАСУ» ЖОБАСЫ

Жыл басынан бері этномедиация әдістері арқылы қоғамның түрлі топтары, Этномедиация орталығы және Этномедиация кеңесінің мүшелері (құрамында 16 адам) арасында өзара түсіністікті арттыруға бағытталған «Елдесу және татулуасу» жобасын іске асыру шеңберінде Ұлытау өңірінде белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қызметте ерекше назар облыс мекемелерімен, жастармен, сондай-ақ түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен консультациялық-түсіндіру кездесулеріне аударылады. Аталған кездесулердің негізгі мақсаты – халықтың құқықтық және медиациялық мәдениетінің деңгейін арттыру, әлеуметтік және этносаралық қақтығыстардың алдын алу, түрлі этномәдени қоғамдастықтар арасындағы сенімді нығайту.

Жыл басынан бері 28 кездесу ұжымдық кездесу өткізіліп, оған 2000 нан астам адам қатысты және 5 адамға медиативті жолмен көмек көрсетілді. Осы іс-шаралар шеңберінде бейбіт қатар өмір сүру, өзара түсіністік және әртүрлілікті құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ашық диалогтар, дәрістер, интерактивті тренингтер мен консультациялар өткізілді.

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Этносаралық өзара іс-қимыл тақырыбында диалогты қалай тиімді жүргізу керек» тақырыбында семинар өтті. Спикер Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этносаралық ахуалды мониторингілеу орталығының бас менеджері Жансая Ақанова.

Іс-шараға Этномедиация кеңесінің мүшелері, ақпараттық-түсіндіру тобы және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – этносаралық коммуникация саласындағы құзыреттілікті арттыру және сындарлы диалог стратегиясын игеру.

Қатысушылар шиеленіссіз қарым-қатынас форматтарын, қоғамдық пікірді талдау әдістерін, фокус-топтармен жұмысты талқылады. Семинар тәжірибе алмасу және практикалық ұсыныстарды қалыптастыру алаңына айналды.

11. «ЖАҢА ТОЛҚЫН» ЖОБАСЫ. «Ассамблеясы жастары» республикалық жастар ұйымы («Ассамблея жастары» РҚБ) азаматтық сананы дамытуға, еңбек жастарын қолдауға, этносаралық келісімді нығайтуға және ел жастары арасында оң құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған бастамаларды белсенді түрде іске асыруды жалғастыруда.

Әлеуметтік белсенділіктің жарқын мысалы Жезқазған қаласының коммуналдық қызмет қызметкерлерін қолдау акциясы болды. Ұйым белсенділері жергілікті дәмхананың қолдауымен дайындалған ыстық шай мен дәстүрлі бауырсақтарды сыйлап, еңбектері үшін алғыстарын білдірді. Бұл шара жастардың еңбекке деген құрметінің және әлеуметтік жауапкершілігінің көрінісі болды.

Ұйым өкілдері елордада еңбек этикасы және жұмысшы мамандықтарын ілгерілету мәселелеріне арналған ірі жастар форумына қатысты. Форум жас кәсіпқойлар арасында тәжірибе алмасу, шабыттандыратын оқиғалар мен өңіраралық диалогты жолға қою үшін маңызды алаңға айналды.

Наурыз мерекесі аясында «Жастар Ассамблеясы» РҚБ бірқатар мәдени іс-шараларға белсене қатысты: халықтық ойындар, билер, концерттік бағдарламалар, ұлттық тағамдар. Бұл бастамалар дәстүрлерді дәріптеуге, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге және қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталды.

Тұрақты негізде «Жастардың бойында жағымды құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында кездесулер өткізіледі, оған «Ақсқалдар кеңесі» өкілдері, жастар белсенділері мен құқық қорғау құрылымдары қатысады. «Жастар ассамблеясы: Жаңа толқын, жасампаз буын» республикалық жастар сессиясына қатысу ұйым қызметінің маңызды оқиғасы болды. Бұл ауқымды іс-шара Қазақстанның барлық өңірлерінен белсенділерді жинады. Ұлытау облысынан өңірлік өкілдіктің төрағасы Евгений Пак қатысты.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» тақырыбында ассамблея жастары челлендж ұйымдастырды.

12. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ» ЖОБАСЫ Ұлытау облысы, ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мақсаты – саяси жағдайларға болжам жасай отыра, қоғамды алауыздықтан сақтау. Яғни, халық санасына саңылау сала отырып, демократиялық құндылықтардың дәнін егу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, этносаралық қатынасты нығайту.

Сондықтан қоғамдық құндылықтарды сақтап, дамыту үшін тарих тәлімі арқылы саналы ойды қалыптастырып, рухани мұрамызды насихаттап зерттеуді тоқтатпаған жөн. Ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі тарих және археология магистрі Ғабдол Жанділдаұлы Әуезов болып табылады. Топ 7 адамнан тұрады. ҒСТ ның отырысында «Ахмет Баржақсыұлы – қоғам қайраткері, зерттеуші, аудармашы» тақырыпта зерттеу жұмыстары қолға алынып, жинақ жарыққа шықты.

13. «ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР: РЕФОРМАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАЗАСЫ» ЖОБАСЫ Жоба шеңберінде Жезқазған және Сәтпаев қалалары бойынша Әзірбайжандар қауымдастығының этномәдени бірлестіктерінің филиалдарын ашу жоспарлануда. Бұл бірлестіктердің өкілдері облыстық іс-шараларға белсенді қатысуда.

Осылайша, облыстағы этномәдени бірлестіктердің қызметі ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамыту ғана емес, азаматтық татулықты нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға және өзара сыйластық, ынтымақ пен ортақ тарихқа негізделген біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыруға қосқан қомақты үлес болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button