Жаңалықтар

Ұлытау ауданында демалыс аймағы ашылды

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы Тасбұлақ алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталып, демалыс аумағы ел игілігіне берілді.

Kazakhmys компаниясы осы аудандағы Күмісбұлақ және Тасбұлақтың басын абаттандыруға меморандумға отырып, 50 млн. теңге ақша бөліп, демеушілік жасады. Абаттандыру жұмысын жергілікті мердігер мекеме атқарды.

 

Енді бұл жер – келушілер үшін жайлы тынығу орны. Аумағы толығымен абаттандырылып, тротуарлар төселіп, жарық шамдары орнатылды. Шағын сәулеттік нысандар, автотұрақ, қолмен жұмыс істейтін су сорғысы, қоқыс алаңы мен демалыс аймағы пайдалануға берілді.

 

Ұлытауға келген әр қонақ ұлттық рухты сезініп, табиғат аясында тынығып қайтатын тағы бір көрікті орынға ие болды.

 

Ұлытау облысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button