Жаңалықтар

Семейде 180 командаa қатысқан «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Семей қаласында ауқымды зияткерлік жоба – «Абай QUIZ» республикалық зияткерлік ойыны өтті. Шара Абай облысы әкімдігінің қолдауымен, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Іс-шараның мақсаты жастар арасында білім мен зияткерлікке деген қызығушылықты арттыру және Семей қаласының тарихи-мәдени мәртебесін нығайту болды. Сонымен қатар, ойын барысында Абайдың рухани мұрасы жаңаша форматта кеңінен насихатталды.

Зияткерлік ойынға Қазақстанның 10 өңірінен – Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл облыстарынан, сондай-ақ Абай облысының барлық қала және аудандарынан барлығы 180 команда, яғни 1 080 қатысушы жиналды. Бұл көрсеткіш ұлттық рекорд ретінде тіркеліп, Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС) енгізілді.

Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын сайыстарда бақ сынап, үздіктер анықталды. Бас жүлде – 1 000 000 теңге өз иесін тапты. Сонымен қатар, жүлделі орындарға ие болған командалар қаржылай сертификаттар мен алғысхаттармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button