ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800-ДЕН АСТАМ ТҮЛЕК «СЕРПІН» БАҒДАРЛАРМАСЫМЕН ГРАНТҚА ТҮСТІ

2025 жылы жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 50 831 жасты осы жоба аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы мәлімдеді.
«Облыс бойынша жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен 128 636 жасқа кеңес берілді. Өңірде биылғы жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 15-34 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9% құрады. Ал, NEET санатындағы жастар көрсеткіші 5,8%-ға төмендеді. Биыл «Серпін-2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» сынды мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында еліміздегі 8 жоғары оқу орнының өкілдері арнайы келіп, аудандарда мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Нәтижесінде бағдарлама аясында Түркістан облысынан 802 түлек грантқа түсті. Бұдан бөлек, облыс бойынша 132 еріктілер ұйымдарында 18 мыңнан астам жастар белсенді мүше ретінде тіркелген. Еріктілер жұмысын дамыту бағытында облыс көлемінде 6 бағыттан тұратын ауқымды акциялар өткізілді. Нәтижесінде 408 сенбілік өткізіліп, 197 500-ге жуық жас атсалысты», – деді спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ БОЛЕЕ 800 ВЫПУСКНИКОВ ПОЛУЧИЛИ ГРАНТЫ ПО ПРОГРАММЕ “СЕРПІН”
В 2025 году в целях снижения доли безработной молодежи и молодежи категории NEET в рамках 12 государственных программ планируется трудоустройство 50 831 молодежи в рамках данного проекта. Об этом сообщил заместитель руководителя КГУ “Молодежный ресурсный центр” Туркестанского областного управления общественного развития Пердебек Сержанулы.
“По области государственными программами для молодежи были консультированы 128 636 лет. В регионе по итогам I квартала текущего года уровень безработицы среди молодежи в возрасте до 15-34 лет составил 1,9%. А показатель молодежи в категории NEET снизился на 5,8%. В этом году в целях пропаганды таких государственных программ, как “Серпін-2050”, “Мәңгілік ел жастары – индустрияға”, представители 8 вузов страны специально посетили и провели встречи с выпускниками школ в районах. В результате в рамках программы 802 выпускника из Туркестанской области получили гранты. Кроме того, в 132 волонтерских организациях области в качестве активных членов зарегистрировано более 18 тысяч молодых людей. По развитию волонтерской работы в области проведены масштабные акции по 6 направлениям. В результате было проведено 408 субботников, в которых приняли участие около 197 500 молодых людей”, – доложил спикер.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области