Жаңалықтар
Семейде Абайдың 180 жылдығына орай халықаралық мүшәйра өтті

2025 жылғы 6 тамыз күні Семей қаласындағы «Alikhan Bokeikhan University»-де ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Өлең – сөздің патшасы» атты халықаралық ақындар мүшәйрасы өтті.
Ауқымды мәдени шара Семей қаласының әкімдігі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, ҚР Жазушылар одағының Абай облыстық филиалы, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы және «Alikhan Bokeikhan University»-дің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.
Мүшәйраға еліміздің әр өңірінен және шетелдерден келген 100-ге жуық дарынды ақын қатысты. Қатысушылар Абайдың рухани мұрасын жырға қосып, заманауи поэзия тілінде қазақ әдебиетінің биік мұраттарын жаңаша жеткізуге тырысты.