Жаңалықтар

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ РЕСПИРАТОР ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Ұлытау облысы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өңірде жаңадан ашылған респиратор шығаратын зауытқа таныстыру сапары өтті.

Іс-шараға Ұлытау облысының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Гүлбану Орынбасарқызы, «Ватан» түркмен этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жораев Алламұрат, «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиал өкілі Никитин Давид, «Ассамблея жастары» Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Пак Евгений қатысты.

 

Қонақтар «Ulytau Industrial Company» ЖШС іске қосқан жаңа өндіріс орнымен танысып, кәсіпорын жұмысы мен болашақ жоспарлары жайында ақпарат алды. Бұл зауыт – соңғы үш жылда облыста жүзеге асырылған он екінші ірі инвестициялық жоба. Құны 800 миллион теңгені құрайтын кәсіпорында жылына 5 миллион дана жеке қорғаныс құралы – респиратор шығарылмақ. 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылатын болады.

 

Жалпы, 2025 жылы өңірде жалпы құны 138 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2028 жылға дейін жалпы сомасы 917 млрд теңгеге 22 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылған. Бұл бастама 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

 

Ассамблея народа Казахстана

 

#АНК30лет

#ҚХА30жыл

#ГодРабочихПрофессий2025;

#ЯВыбираюРабочуюПрофессию.

#Ұлытау

#Ұлытауоблысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button