Жаңалықтар

Оқу-жаттығу жиындары өтуде.

4-12 тамыз аралығында Ұлытау ауданында республикалық мемлекеттік мекеме «99290 әскери бөлімі» базасында әскери міндеттілермен оқу-жаттығу жиындары өтуде.

Жиындардың мақсаты – облыстың аумақтық қорғаныс бөлімшелерін жауынгерлік әзірлікке келтіру, жауынгерлік үйлесімділікті арттыру, мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзету және қорғау, сондай-ақ диверсиялық топтарға қарсы іс-қимыл дағдыларын жетілдіру.

Іс-шаралар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес ұйымдастырылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button