Жаңалықтар
Абай кесенесінде ұлы ойшыл, ақынның рухына құран бағышталды

Жидебайдағы тарихи-мәдени кешенде ұлы ақынның рухына құран бағышталжы. Ақынның мәңгілік мекенінде жиналған зиялы қауым, жергілікті тұрғындар мен алыстан келген қонақтар құрбандық шалып, Құран бағыштау рәсіміне қатысты.
Іс-шара барысында Абай мұрасын ұлықтау, оның рухани өсиеттерін жас ұрпаққа жеткізу маңыздылығы атап өтілді. Жиналғандар ақын ескерткіші мен кесенесіне гүл шоқтарын қойып, Жидебайдағы мұражайда ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалады.