Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Жаңаарқа ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Орынғожина Сәулеғаным Ернарқызы мен «Жасыл ел» еңбек жасақтарымен «Вандализммен бірге күресеміз!» тақырыбында кездесу өткізілді.

 

Кездесу мақсаты – жастардың вандализм туралы түсінігін қалыптастыру, бұзақылық әрекеттері үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру, сонымен қатар, вандализм, бұзақылық әрекетін жасау заңмен қудаланады деген сенімді қалыптастыру. Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы жастарды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Вандализм — мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдени құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру, тып-типыл тонау әрекеті. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептеледі.

Кездесу барысында “Жасыл ел” сарбаздарына вандализм оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде жастар вандализмнің түрлерін, осы әрекеттің себептері мен белгілерін білді. Жеке өмір мен баспасөз мысалдарын қолдана отырып, олар «Вандализм» және «Бұзақылық» ұғымдарын талдады және “294-бап Тағылық/вандализм” туралы таратпа материал таратылды.

Айта кететін жайт, әрқайсымыз қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғам мүлкіне ұқыпты болуымыз қажет. Кез келген құқық бұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыз. Ішкі тәртіп, заңға және өзге адамдардың құқықтарына құрметпен қарау – бұл қоғам ұмтылуға тиіс.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button