🐎«Ауыл аманаты»: Шаруа ата кәсіпті қолға алды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округінде орналасқан «Сержан» шаруа қожалығының басшысы Еркін Жәнібеков «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% мөлшерлемемен 5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылқы шаруашылығын дамытып отыр.
«Алға қойған мақсатым ойдағыдай орындалып келеді. Сауыншы, тракторшы сынды жұмысшыларым да бар. Жылқыдан бөлек, өзге де ірі-қараны, ұсақ малдарды өсіріп отырымыз. Алдағы уақытта бұдан да көп мөлшерде несие алып, мал басы санын көбейтуді жоспарлап отырмын. Мемлекеттің және партияның осындай нақты қолдауы ауыл азаматтарына үлкен демеу болды. Сол арқылы тіршілік жанданып, келер күнге деген сенім артты», – деді Еркін Жәнібеков.
Ата кәсіпке бет бұрған азамат бүгінде бие байлап, табиғи өнім ұсынуда.