Жаңалықтар

Kerege Event — «Алтын Адам Awards» сыйлығының иегері

5 қыркүйек күні жыл сайын өтетін Altyn Adam Awards ұлттық сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл, спорт саласындағы үздіктерді анықтап, олардың еңбегін бағалайды.

Биылғы марапатта ерекше құрметке ие болғандардың қатарында Kerege Event командасы да бар. Олар «Маусымның ашылуы мен жабылуын ұйымдастырушылар» номинациясында жеңімпаз атанды. Бұл жетістік команданың кәсіби деңгейі мен ірі іс-шараларды ұйымдастырудағы өзіндік қолтаңбасын айқындады.

Kerege Event командасы бірнеше жылдан бері Қазақстандағы ірі мәдени және қоғамдық шаралардың ұйымдастырушысы ретінде танылып келеді. Ашық аспан астындағы фестивальдер, спорттық марапаттар, мәдени бастамалар мен қалалық мерекелер — бәрі де ерекше атмосферасымен, ойластырылған ұйымдастыруымен және заманауи шешімдерімен ерекшеленеді.

Kerege Event компаниясының жетекшісі Ерлан Мұсипов жеңісті бүкіл ұжымның еңбегінің нәтижесі және серіктестердің сенімінің көрсеткіші деп атап өтті:

«Біз үшін мұндай жоғары марапат алу – үлкен мәртебе. Бұл сыйлық біздің жүйелі еңбегіміздің, ерекше жобаларға ұмтылуымыздың нәтижесі. Біз әр шараны көрермен мен қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдыратын ерекше оқиғаға айналдыруға тырысамыз».

Сонымен қатар ол бұл жетістік өткен жолдың қорытындысы ғана емес, алдағы уақытта жаңа белестерге жетуге үлкен ынталандыру екенін айтты.

Kerege Event – өз жұмысын жай ғана қызмет емес, шынайы миссия деп қабылдайтын кәсіби мамандардың тобы. Компанияның әр жобасы ұсақ-түйегіне дейін мән берумен, заманауи режиссурамен, жаңа технологияларды қолданумен және үлкен аудиториямен жұмыс істеу тәжірибесімен ерекшеленеді.

«Алтын Адам Awards» сыйлығы бұл команданың Қазақстандағы ірі ивент-индустрия көшбасшыларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Маусымның ашылуы мен жабылуын ұйымдастырушылар» аталымындағы жеңіс компанияның жаңа дамуына жол ашты. Бұл жеңіс кәсібилік, креативтілік пен топтық жұмыстың арқасында кез келген шараны ұлттық деңгейдегі оқиғаға айналдыруға болатынын көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button