Жаңалықтар
Trending

Түркияда 2000-нан астам қонақүй GSTC сертификатын алды

Түркия жаһандық туризмде тағы бір маңызды белеске жетті: 2000-нан астам қонақүй мен орналастыру орны Халықаралық Тұрақты Туризм Кеңесінің (GSTC) сертификатына ие болды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркия әлемде бірінші орында тұр, және сертификатталған нысандардың 80%-дан астамы осы елде орналасқан.

2022 жылы Түркия үкіметі GSTC-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, ұлттық деңгейде тұрақты туризм бағдарламасын іске қосқан алғашқы ел болды. Осы бастаманың арқасында үш жыл ішінде 2005 нысан халықаралық стандарттарға сай сертификатталды. Тек 2024 жылдың аяғына дейін 1466 нысан сертификатталса, 2025 жылдың қыркүйегіне дейін бұл сан 2005-ке жетіп, соңғы тоғыз айда 37%-ға өсім көрсетті.

Анталия, Кыршехир және Килис облыстарындағы орналастыру орындарының 50%-дан астамы үшінші деңгейлі сертификат алған. Ыстамбұл, Қоныя, Шырнак, Газиантеп, Қайсери және Айдын облыстарында да 30%-дан жоғары көрсеткішке қол жеткізілген.

Айта кетейік, 2023 жылы Анталияда өткен GSTC жаһандық конференциясы Түркияның тұрақты туризмді дамытудағы рөлін халықаралық деңгейде нығайта түсті. Сонымен қатар, бұл бағдарлама Швеция, Сингапур, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды және Әзербайжан сияқты елдерде өткен түрлі жиындарда да таныстырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button