БастыЖаңалықтарСаясат
Trending

ШҚО әкімі Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті.

Елші өңірге осымен үшінші рет келіп отыр. Ең әуелі ол «Франкофония» гастрономиялық фестиваліне қатысса, екінші рет облысқа жеке сапарымен келген болатын.

Кездесу барысында француз тарапы аймақтың агроөнеркәсіптік кешен саласында жоғары сапалы тұқым материалдарын пайдалануда және мал шаруашылығындағы ынтымақтастықты күшейтуге ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ өңірдің авиациялық құрылымына арналған авиажобаларды ұсыну жөнінде бастама көтерді.

Өз кезегінде өңір басшысы Н.Сақтағанов облыста туристер көп баратын жерлердегі әуежайларға халықты тасымалдауды бірлесіп ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Мұндай әріптестік туризмді дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деді ШҚО әкімі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нақты ұсыныстарды пысықтап, бірлескен жобаларды іске асыруға арналған жол картасын әзірлеуге келісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button