ОбществоПолитика
Trending

(Қазақша) ШҚО әкімдігінде басқарма басшысының қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша тәртіптік іс қаралды

Извините, этот текст доступен только на “Қазақша”.

Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан келіп түскен сұрауларға байланысты келесіні хабарлаймыз.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында облыстық басқармалардың бірінің басшысы тарапынан қызметтік әдеп нормаларының бұзылуы мәселесі қаралды.

Кеңес мүшелерінің басым бөлігінің дауыс беруінің нәтижесінде әкімдік қызметкеріне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Облыс әкіміне тиісті шара қабылдау туралы ұсыныс жолданды.

Бұған дейін аталған қызметкер көпшілік алдында кешірім сұраған болатын. Сонымен қатар бүгін Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің алдында өз қателігін мойындап, сол онлайн жиналысқа қатысқан әріптестерінен тағы да кешірім сұрады.

Айта кетейік, бұл мемлекеттік қызметші 18 жыл бойы мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді және алғаш рет тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.

Қызметкер мас күйде болуы мүмкіндігі туралы пікірлерге қатысты келесіні хабарлаймыз:
ол «ІІ типті қант диабеті» диагнозымен есепте тұрады. Яғни, бұл сырқаты оның физикалық жағдайына әсер етуі мүмкін. Өзі бұл деректі растайтын медициналық комиссияның қорытындысын ұсынуға дайын екенін білдірді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ашықтық, мемлекеттік қызметтегі әдеп пен заң талаптарын бұзушылыққа мүлде төзбеушілік қағидатын берік ұстанады.

Мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қатаң түрде заңнама талаптарына және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүргізіледі.

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button