(Русский) «Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу» және «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыптарында оқушыларға дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың 13 қазаныңда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектебінің» 11-сынып оқушылары үшін «Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу» және «Интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыптарыңда дәріс өткізілді.
Оқытудың мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласында оқушылардың хабардарлығын арттыру болып табылады, әсіресе шығармашылығы бар оқушыларға авторлық құқық объектілерін тіркеудің маңыздылығын жеткізу және «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау мақсатында оқушылардың назарына интернет-алаяқтық түрлері және олардан қорғау тәсілдері туралы ақпарат жеткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша толық ақпарат беріліп, интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері және алдын алу шаралары, авторлық құқықтың пайда болуы, авторлық құқықты қорғау және мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидалары түсіндірілді.
Дәріс қорытындысы бойынша оқушыларға қажетті консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.



