Жаңалықтар

Ұлытау облысында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция мен тұрғындар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

 

Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері 56 162 тұрғын үйді аралады. Тексеру барысында 123 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, олардың түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз жүргені белгілі болды.

 

Рейдтер нәтижесінде ұсақ бұзақылықтың 20 дерегі, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде жүрудің 20 фактісі тіркелді. Профилактикалық іс-шара шеңберінде жалпы 11 981 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

 

Сондай-ақ есірткі заттарын насихаттайтын 8 граффити жазуы анықталып, жойылды.

 

«Учаске» іс-шарасының негізгі мақсаты — азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.

Басқа жаңалықтар

Back to top button