Жаңалықтар

Өңір орталығының тұрғындары Үлкен Нарын ауданындағы тауар өндірушілердің өнімдерін жәрмеңкеден сатып ала алады

Бүгін облыс орталығында Үлкен Нарын ауданының алты ауылдық округінен келген шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынған кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

 

Барлық ветеринариялық және санитариялық талаптарды сақтай отырып, өндірушілер әртүрлі өнім түрлерін жеткізді: 720 кг жылқы еті, 1,8 тонна сиыр еті, 300 кг қой еті, сондай-ақ түрлі сорттағы бал, 300 литр күнбағыс майы, қымыз, картоп, сүт пен сүт өнімдері, сары май және басқа да тағамдар.

 

Жәрмеңкеде өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15–18% төмен деңгейде белгіленген, бұл өз кезегінде тұрғындар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Үлкен Нарын ауданының жәрмеңкесі Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында дәстүрлі түрде үлкен сұранысқа ие. Бұл аудан өнімдерінің жоғары сапасымен, табиғилығымен және экологиялық тазалығымен, сондай-ақ адам денсаулығына пайдалы болуымен түсіндіріледі.

 

Жәрмеңке ОРЦ аумағында өтіп жатыр және күн бойы жалғасады. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын сапалы отандық өнімдерді сатып алуға және ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін қолдауға шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button