Жаңалықтар

Ұлытау облысында Жезқазғандағы өндірістік ғимаратты жаңғырту арқылы өңірлік экономикалық инфрақұрылым нығайтылады

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласындағы бұрынғы тігін фабрикасы ғимаратында болып, нысанның қазіргі жағдайымен танысып, оны қайта жаңғыртуға бағытталған жұмыстардың барысын бағалады.

Сапар барысында облыс басшысы ғимаратты заманауи инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жауапты мекемелердің басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында ғимаратты тиімді пайдалану жолдары, оның әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға бейімделуі және өңір экономикасына қосатын үлесі талқыланды.

Жиын соңында Дастан Рыспеков нақты тапсырмалар беріп, қысқа мерзім ішінде барлық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған кешенді жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, жаңғырту жұмыстарының сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету ерекше назарға алынды.

Басқару аппараты тарапынан қолға алынған бұл бастама – Ұлытау облысының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың маңызды бөлігін құрайды. Жаңғыртылған ғимарат өңірдегі өндірістік қуатты арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұрынғы тоқыма фабрикасының ғимараты «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының балансына беріліп, жаңғырту жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйым анықталған болатын. Жобаның іске асырылуы өңірдің экономикалық дамуына серпін беріп, өндірістік инфрақұрылымның заманауи талаптарға сай болуын қамтамасыз етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button