Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

Қызылордада балаларға арналған жаңа ерте араласу орталығы іске қосылды. Орталық көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жанынан ашылды. Нысан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының, «Қазақстан халқына» қорының, «Қамқорлық» қорының және Қызылорда облысы әкімдігінің серіктестігімен ашылды.
Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Шыңғыс Шарапиев, «Қамқорлық» қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 баланы қабылдайтын орталықта әрбір балаға жеке оңалту жоспары әзірленеді. Мұның бәрі түрлі ақаулармен туылған балалардың өсіп-жетілуі мен дамуын жетілдіруге, өздігінен жүріп-тұруы мен сөйлеуіне мүмкіндік береді. Олармен невропатологтар, реабилитологтар, педиатрлар, травматолог-ортопедтер, психологтар, физиотерапия нұсқаушылары, дефектологтар мен логопедтер жұмыс істейді. Мекеме заманауи технологиялармен, арнайы техникалық жабдықтармен, тренажерлармен және аппараттық-бағдарламалық кешендермен толық жарақталған.
«Қызылордада ашылып отырған ерте араласу орталығы – «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен іске қосылған 47-ші оңалту орталығы. Бұл орталықтарда жылына 30 мыңға тарта балалар мен ересектер кешенді оңалту көмеген алады. Оңалтумен бірге, инклюзивті білім беру мен әлеуметтендіру бағытында Қор еліміз бойынша 26 инклюзия кабинетін ашты. Жыл соңына дейін тағы бес инклюзия кабинеті Атырау облысының Жылыой ауданында ашылатын болады», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Қызылорда қаласында ашылған ерте араласу орталығы осы жоба аясында жүзеге асырылған 20-шы орталық болып отыр. Осылайша, Қор серіктестерімен бірлесе отырып, 2020 жылдан бері өңірлердегі мұндай орталықтарға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етті. Бұл орталықтарда жыл сайын 12 мыңға жуық мүгедектігі бар бала кешенді медициналық көмек алады. Нәтижесінде 6,3 мыңнан астам ерекше бала алғашқы қадамын жасап, 8,6 мың баланың тілі шықты.
Жалпы 2020 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Қызылорда облысында 4,2 млрд теңгеге 15 әлеуметтік жобаны жүзеге асырылды. Соның ішінде былтыр Үстел теннисі орталығы, биыл заманауи тарихи-өлкетану орталығы ашылды.
В Кызылорде открылся детский реабилитационный центр
В Кызылорде открылся центр раннего вмешательства «Қамқорлық». Центр открыт на базе многопрофильной детской больницы. Объект запущен при партнерство единого оператора благотворительности АО «Самрук-Қазына» – фонда «Samruk-Kazyna Trust», фондов «Қазақстан халқына» и «Қамқорлық қоры», а также акимата Кызылординской области.
В церемонии открытия приняли участие заместитель акима области Мейрамбек Шермаганбет, управляющий директор АО «Самрук-Казына» Гибрат Ауганов, официальный представитель фонда «Қазақстан халқына» Чингиз Шарапиев, директор Фонда «Қамқорлық» Арайлым Еркинова.
В центре, который ежегодно принимает до 600 детей в возрасте до 3 лет, для каждого ребенка будет разрабатываться индивидуальный план реабилитации. Все это позволит малышам с врожденными особенностями полноценно развиваться, учиться самостоятельно передвигаться и говорить. С детьми работают неврологи, реабилитологи, педиатры, травматологи-ортопеды, психологи, инструкторы по физиотерапии, дефектологи и логопеды. Учреждение полностью оснащено современными технологиями, специализированным техническим оборудованием, тренажёрами и аппаратно-программными комплексами.
«Открывающийся в Кызылорде центр раннего вмешательства стал 47-м реабилитационным центром, реализованным при поддержке фонда «Самрук-Қазына». Сегодня в таких центрах ежегодно комплексную реабилитационную помощь получают около 30 тысяч детей и взрослых. Помимо реабилитации, фонд также активно развивает инклюзивное образование и социальную адаптацию. В рамках этого направления по всей стране открыто 26 инклюзивных кабинетов. До конца года планируется запуск ещё пяти таких кабинетов в Жылыойском районе Атырауской области», – отметил управляющий директор АО «Самрук-Қазына» Гибрат Ауганов.
Центр раннего вмешательства, открывшийся в городе Кызылорда, стал 20-м по счету, реализованным в рамках данного проекта. Таким образом, фонд совместно с партнерами с 2020 года полностью закрыл потребность регионов в подобных центрах. Ежегодно около 12 тысяч детей с особыми потребностями получают здесь комплексную медицинскую помощь. Благодаря этой работе более 6,3 тысячи детей сделали свои первые шаги, а 8,6 тысячи малышей — начали говорить.
В целом с 2020 года при поддержке фонда “Samruk-Kazyna Trust” в Кызылординской области реализовано 15 социальных проектов на сумму 4,2 млрд тенге. В том числе в прошлом году открылся Центр настольного тенниса, в этом году – современный историко-краеведческий центр.
Топики
1) «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қызылорда облысында бесінші әлеуметтік нысанын ашты
Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры серіктестерімен бірге Қызылорда қаласында 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте араласу оңалту орталығын ашты. Жаңа орталықта алдын ала дайындалған реабилитолог, дефектолог, невроптолог, логопед, дефектолог және тағы басқа 20 жуық маман тегін қызмет көрсетеді. Жылына 600 балаға қабылдай алатын нысан замануи құрал жабдықпен жабдықталған.
2020 жылдан бері бұл Қазақстанда іске қосылған 20-шы орталық. Осы орталықтарда жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 12 мыңға жуық бала кешенді медициналық көмек алады. Соның нәтижесінде 6,3 мыңнан астам бала алғаш рет қадам басып, 8,6 мың бала сөйлей бастады.
Айта кетейік, жыл соңына дейін «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен тағы 8 оңалту орталығы ашылып, орталықтар саны жалпы саны 55-ке жетпек.


