2025 жылы өткен «РУХТАСТАР» республикалық жастар сыйлығында Шығыс өңірінен шыққан жастар жоғары жетістіктерімен ерекшеленіп, жүлделі номинациялардың иегері атанды.

Аталған сыйлық аясында шығыстық рухтастар келесі номинациялар бойынша марапатталды:
• «Жылдың үздік жобасы» номинациясының иегері – Екатерина Орлова. Бұл марапат оның қоғамға пайдалы, мазмұнды әрі нәтижелі жобасын жоғары бағалаудың белгісі болды.
• «Қайсар» жыл батыры номинациясының иегері – Ерасыл Омарханов. Ол азаматтық белсенділігімен, батыл бастамаларымен және табандылығымен танылды.
• «Белсенді рухтас» жыл белсендісі номинациясының иегері – Алихан Даутқали. Ол жастар арасында белсенді жұмыс жүргізіп, түрлі әлеуметтік және қоғамдық бастамаларға үлес қосты.
Аталған жеңістер – шығыстық жастардың ел дамуына қосып жүрген үлесінің, олардың жігері мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Жүлдегерлерді лайықты жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырады деп сенім білдіреміз.


