Аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері Ұлытау облысында жалғасуда

Ұлытау облысында тұрғындарды әлеуметтік маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында аймақтық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіліп келеді. «Ұлытау» ӘКК» АҚ 19 негізгі азық-түлік түрінің 15 атауын Тұрақтандыру қоры арқылы қамтамасыз етіп, тұрғындарға қолжетімді бағада өнім ұсынады.
Әр сенбі сайын Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі беріледі. Жәрмеңкеде ұсынылатын негізгі өнімдерге мыналар кіреді:
- Рожки — 319 тг/кг
- Сиыр еті — 3080 тг/кг
- Күнбағыс майы — 660 тг/л
- Ақ күріш — 440 тг/кг
- Қант — 418 тг/кг
- Жұмыртқа (1 санат, 10 дана) — 495 тг
- Тауық еті — 1254 тг/кг
Сонымен қатар, өткен аптада жәрмеңкеге жаңа өнімдер қосылды, оның ішінде:
- Картоп — 172 тг/кг
- Сәбіз — 161 тг/кг
- Қырыққабат — 172 тг/кг
Жәрмеңкеге келген әрбір тұрғын өнімдердің толық тізімімен облыс бойынша орналасқан әлеуметтік бұрыштардан немесе жәрмеңке өтетін орындардан таныса алады.
Жәрмеңке өтетін мекенжайлар:
📍 Жезқазған қаласы — Орталық базар
📍 Сәтбаев қаласы — Ұлытау көшесі, 85 («Светофор» дүкені)
«Ұлытау» ӘКК» АҚ өңір халқын қолжетімді бағамен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және халықтың күнделікті тұтынатын өнімдерге қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл шара тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, бағаның шекті деңгейде тұрақтылығын сақтауға және ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыларға жеткізу тетіктерін дамытуға мүмкіндік береді.


