Жаңалықтар

Анадолыдағы христиан мұрасы: «Аянның жеті шіркеуіне» саяхат

Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) дерегінше, жыл сайын 300 миллионнан астам адам киелі орындарға рухани ізденіспен сапар шегеді. Өркениеттер тоғысқан Түркия бұл салада, әсіресе христиандық мұралар бойынша бірегей бағыттар ұсынады. Папа Лео XIV зиярат еткен Ызнык, жартасқа қашалған шіркеулерімен әйгілі Каппадокия және Санта-Клаустың (Әулие Николай) тарихи ізі қалған Анталия – сенім туризмінің маңызды аялдамалары.

Алайда, Рождество қарсаңындағы ең маңызды маршрут – Эгей өңіріндегі «Аянның жеті шіркеуі» (Seven Churches of Revelation). Аңыз бойынша, Иса Мәсіх Жохан елші арқылы осы жеті қауымға арнайы хат жолдаған. Бүгінде бұл бағыт ежелгі тарих пен Эгейдің талғампаz асханасы мен табиғатын бір арнаға тоғыстырып отыр.

Измир: Христиан мұрасының ізімен

Рухани сапар Эгейдің інжу-маржаны – ЮНЕСКО мұрасы саналатын Ефестен басталады. Рим дәуірінің ірі орталығы болған бұл қалада Әулие Марияның соңғы тұрағы болған үйі, Жохан елшінің мазары мен «Жеті ұйықтаушы» үңгірі орналасқан.

«Жеті ұйықтаушы» үңгірі
Ефес, Измир

Измирдегі келесі аялдама – ежелгі Смирна (қазіргі Измир агорасы) және ЮНЕСКО тізіміндегі Бергама (Пергамон). Пергамондағы «Қызыл базилика» мен көне медицина орталығы Асклепион – христиандыққа дейінгі және кейінгі дәуірдің айқын жәдігерлері.

Пергамон
Пергамон
Пергамон

Маниса: Үш киелі қауым мекені

Көршілес Маниса қаласында «Аян қалаларының» тағы үшеуі орналасқан:

Тайатира: Ежелде қолөнерімен әйгілі болған қала.

Тайатира, Маниса

Сардис: Биыл ғана ЮНЕСКО тізіміне енген бұл қалада Артемида храмы мен Рим монша-гимназиясы тамаша сақталған.

Сардис, Маниса
Сардис, Маниса
Сардис, Маниса

Филадельфия: Қазіргі Алашехир аумағында орналасқан бұл қалада Әулие Жохан шіркеуінің айбынды қалдықтары әлі де асқақтап тұр.

Филадельфия, Маниса

Денизли: Лаодикея мен Памуккале

Жохан елшінің соңғы хаты жолданған Лаодикея Денизлиден бар болғаны 15 минуттық жерде. Мұнда Анадолыдағы ең үлкен стадион мен антикалық театрлар жақсы сақталған.

Лаодикея, Денизли

Рухани саяхаттың нүктесін ЮНЕСКО-ның табиғи жауһары – Памуккаленің ақ травертиндері мен Хиераполис қаласында қоюға болады.

Памуккаленің ақ травертиндері
Хиераполис, Денизли

Басқа жаңалықтар

Back to top button