Құтқарушылар балықшыларға мұзға шығу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді

ШҚО ТЖД құтқарушылары облыстың балық аулау орындары бойынша рейдтерді күшейтті.
ТЖ қызметінің қызметкерлері балықшылармен әлсіз мұзға шығу қаупі және өзімен бірге балық аулау құралдарын ғана емес, құтқару кеудешелері мен құтқару құралдарын да алып келу қажеттігі туралы атар өтті.
ШҚО ТЖД атап өткендей, температура мен ауа-райының ауытқуы кезінде мұз біркелкі емес және қауіп төндіруі мүмкін.
Құтқарушылар өңірде мұздағы қауіпсіздік шараларын бұзған 31 адам ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына назар аударды.
ШҚО ТЖД азаматтарға
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, мұзға шыққан кезде өзімен бірге ысқырық, құтқару кеудешесі, шильц, ұзындығы мен қалыңдығы жеткілікті арқан, сондай-ақ ұзындығы кемінде екі метр таяқ болуы керек екендігін еске салады.
Ешбір жағдайда қараңғыда және нашар көрінген кезде мұзға шығуға болмайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі



