Өскеменде ұландықтар қысқы оқу кезеңін бастады

Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінде 2026 жылғы қысқы оқу кезеңі басталды. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, сондай-ақ биылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды. Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде өткен іс-шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев қатысты. Жиын барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы әскери бөлімдердің офицерлеріне мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді.
– Мемлекет басшысы атап өткендей, «Біздің қарулы күштеріміз –мемлекетіміздің мызғымас тірегі». Сондықтан біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап, 130 ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев.
Сонымен қатар, әскери қызметшілерді жаңа оқу жылымен ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Айдар Оразбаев құттықтады.
– Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұландықтардың алдында көптеген атқарылар жауапты міндеттер тұр. Аса көлемді іс-шараларда қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін жас жауынгерлердің жауынгерлік қызметтеріне сәттілік тілеймін. Алдыңғы толқын аға буын ретінде мерзімді әскери қызметшілерге әрдайым қолдау танытуға дайынмын, – деді ардагер.
Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр. заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі



