Жаңалықтар
Президент «тарихшысымақтар» деп кімдерді айтты?

Президент соңғы жылдары тарихты талқылау сәнге айналғанын айтты. Түрлі подкасттар, фильмдер, мақалалар мен кітаптар шығып жатқанын хабардар екенін жеткізді.
«Әйтсе де мемлекетке кесірі тиетінін жете түсінбей, көпшіліктің көңілін табу үшін ойдан шығарылған деректер мен жалған ақпараттар тарататын, халқымыздың басынан өткен қиындықтарға өзге жұртты кінәлайтын тарихшысымақтар пайда болды. Жұрт олардың сандырағына сеніп, өткен дәуірдің жалған батырларын ұлықтай бастады. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Бұл – ақиқат жолы емес, керісінше «жалған түсінік туғызатын теріс жол», – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықты жауластыратын емес, ұйыстыратын құндылық алға шығу керектігін ескертті.



