Жаңалықтар

Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарға Үндеу қабылдады

Жұма күні, 6 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарфедерациясында ҚРКФ Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесіСатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстан Республикасының жаңаКонституциясының жобасын егжей-тегжейлі талқылауға арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Республикалық салалық кәсіподақтардың, еліміздің барлықөңірлеріндегі Кәсіподақ орталықтарының басшылары, кәсіподақ белсенділеріқатысты.

Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссия құрамындағыжұмыс туралы айтып берді және елімізде жүргізіліп жатқан конституциялықреформаның тарихи маңызын атап өтті.

«Конституциялық комиссияға бүгінгі таңда саяси партиялардан, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардан, ел азаматтарынан 4 000-нан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Бұл отандастарымыздың еліміздіңНегізгі заңы қандай болатынына бейжай қарамайтындығын, сондай-ақ оныңРеферендумда халық тарапынан қабылданатынын білдіреді. Қазіргіөзгерістер мемлекетіміздің дамуындағы жаңа әрі тарихи кезеңді бастапбереді», – деді ҚРКФ Төрағасы.

Жаңа жобаның ішіндегі ең маңызды тұстарына тоқталған СатыбалдыДәулеталин бірнеше жайтты түсіндіріп өтті.

«Жобаның тұтастай алғанда әлеуметтік мемлекетке бағдарлануыерекше маңызды. Кәсіподақтар үшін еңбек ету құқығы және оныңконституциялық мазмұныжаңа Конституция жобасындағы негізгісәттердің бірі. Жоба қолданыстағы Конституциядан айырмашылығы, әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауға құқығын растайды. Бірақ ең басты жаңалықбұл құқық енді мемлекеттің әлеуметтікжауапкершілігімен және адамның құндылығымен тікелей байланыстыболады. Бұл дегеніміз, жұмысқа жай ғана «іс» деп емес, адамның лайықтыөмір сүруінің негізі ретінде қарау. Еңбек ету құқығы дегеніміз — тек жұмысорнының болуы емес, ол қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ жалақы және жұмыс берушінің өз бетімен шешім қабылдауынан немесе кемсітуден қорғалу дегенсөз. Осы құқықтың Конституцияда бекітілуі жұмысшының мәртебесінкөтереді. Себебі кез келген реформа немесе цифрландыру жұмыстарыалдымен еңбек адамын қорғау қағидасына сүйенуі керек », – деп өзұстанымын білдірді Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы.

Тағы бір маңызды өзгеріс деп Сатыбалды Дәулеталин жаңа кеңесшіорган – Халық кеңесінің құрылуын санайды.

«Жобада Халық кеңесі туралы ереженің азаматтардың мемлекеттібасқаруға қатысатын жеке мекемесі ретінде пайда болуынхалықтың билікісіне нақты араласуының кеңеюі деп қарастыруға болады. Өз мағынасыбойынша бұл жай ғана көрініс үшін немесе құр белгі үшін жасалған ұйымемес. Бұл Кеңес қоғам мен билік арасындағы тікелей сөйлесу құралы ретінде, жаңа ұсыныстар айту, маңызды реформалар мен қоғамға қажетті шешімдердіталқылау мүмкіндігімен жасалған. Жалдамалы жұмысшылар мен кәсіподақтар үшін бұл өте маңызды. Алғаш рет конституциялық деңгейдеәлеуметтік топтар, соның ішінде еңбек ұжымдары, елдегі мәселелерге ресмитүрде әсер ете алатын, заң шығаруға ұсыныс бере алатын жол ашылады. Оларенді тек іс болып қойғаннан кейін ғана емес, шешім қабылданар кезде де ықпал етеді», – деп атап өтті ҚРКФ Төрағасы.

Өз кезегінде ҚРКФ Төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев жаңаКонституция жобасының негізгі ережелері туралы айтып берді. Ол жиынғақатысушылардың назарын мемлекетті басқару жүйесіне ұсынылатынөзгерістерге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатыстымәселелерге аударды.

Жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, салалық және аумақтық кәсіподақ жетекшілері өз ұсыныстарын енгізіп, пікірлерін білдірді.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызметкөрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы МирболатЖақыпов қазіргі Конституция мен жаңа жобаны салыстыра талдау құқықтармен бостандықтардың нақтыланғанын, сондай-ақ халықтың мүддесінқорғаудың заңды жолдары көрсетілгенін айтты.

Сонымен қатар, химия, мұнай-химия және өндірістің ұқсас салаларықызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Керім Пірімқұлұлыжаңа Конституция жобасында сот жүйесінде қорғау мен айыптаудың теңболуы өте маңызды екенін атап өтті.

«QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» Қазақстандық салалық тау-кенметаллургия кәсіптік одағының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісініңдепутаты Асылбек Нұралин жаңа Конституция жобасында белгіленгенпарламенттік реформаның өзектілігіне тоқталды.

Талқылауды жалғастыра отырып, Ақтөбе облысы Кәсіподақорталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев жиынға қатысушыларға сөзарнап, аймақтағы кәсіподақтардың атынан отандастарға жаңа Конституция жобасын қолдауға шақыратын Үндеу қабылдауды ұсынды.

Ақтөбелік әріптестің бұл ұсынысын басқа да кәсіподақ жетекшілеріқолдады, олардың арасында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарыбілім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы АйгүлМұқашева, Алматы облысы Кәсіподақ орталығының басшысы ӘсетҚыдырманов және басқалары бар.

Жиынға қатысушыларды тыңдап болған соң, Қазақстан РеспубликасыКәсіподақтар федерациясының Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин мемлекетпен азамат үшін ең басты құндылықтар Конституция жобасында бекітілгенінайтты. Сондай-ақ, Басты заң жобасын қолдаубұл мемлекеттің және оныңхалқының одан әрі дамуына азамат ретінде өз үлесіңді қосу дегендібілдіретінін атап өтті.

«Біз Қазақстанның болашағына тікелей әсер ететін маңызды тарихикезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Бұл Конституция жобасын қолдау туралышешім қоғамның болашақтағы жағдайына, тыныштыққа және еліміздің даму бағытына әсер етеді. Бұләрбір азаматтың ойы мен ұстанымы ерекше мәнгеие болатын жауапты сәт. Бұл кезеңнің әлемдегі жағдай тұрақсыз болыптұрған уақытқа тұспа-тұс келуі өте маңызды. Сыртқы және ішкі қиындықтаржағдайында жаңа Конституцияны қолдау және қабылдауҚазақстанныңтұрақты даму жолын сақтап қалуға жасалған қадам», – деп қорытындыладыҚРКФ Төрағасы.

Жиынның соңында қатысушылар Қазақстан РеспубликасыКәсіподақтар федерациясының атынан қазақстандықтарға Үндеу қабылдаудықолдады.

Үндеу мәтіні:

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінгі таңда Қазақстанда елдің жаңа Конституциясының жобасындайындау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Конституциялық комиссия Негізгі заңның заманауи шынайылық пен қоғамның өзекті сұраныстарына негізделген жаңа редакциясын әзірлепшықты.

Қазіргі уақытта мемлекетіміздің болашағына тікелей ықпал ететінайрықша тарихи кезең басталып отыр.

Осы құжатты қолдау туралы шешім қоғамның келешегіне, тұрақтылыққа және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму векторына ықпал етеді.

Дәл осындай жауапты сәтте әрбір азаматтың жеке пікірі мен ұстанымы ерекше мәнге ие болмақ.

Еліміздегі екі миллионға жуық еңбек адамының мүддесін қорғайтын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жүргізіліп жатқан конституциялық реформаны толық қолдайтынын мәлімдейді. Сонымен қатар, әлеуметтік мемлекетті дамытуға, еңбек адамының мәртебесін нығайтуға және азаматтардың елді басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды ережелерді ерекше атап өтеді.

Біз жаңа Конституция жобасын – адам құндылығы кез келген жүйеден биік тұратын нағыз халықтық заң деп есептейміз.

Бұдан бөлек, жаңа Конституция жобасында әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық бірлік басты құндылықтар ретінде айқындалған.

Еңбекті қорғау, білім беру және алға басу мемлекеттің стратегиялық басымдықтары болып белгіленді.

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін толықтай сақтап қалады.

Осы орайда әлеуметтік бағыт, әрбір азаматтың қауіпсіздік тетіктері, заң алдында бәрінің тең болуы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін және еңбегін қорғау шаралары күшейтілді.

Аталған бағыттардың барлығы кәсіподақтар үшін өзгермейтін басты қағидаттар.

Конституциялық реформа еліміздің дамудың жаңа сапалы деңгейіне өтуін көздейді.

Жобада ұсынылған Халықтық кеңес пен Құрылтай жұмысына қатысты нормалар — бұл демократиялық институттарды нығайтуды және қоғамның мемлекеттік басқару мен маңызды шешімдер қабылдау ісіне қатысу сапасын арттыруды көздейтін жүйелі қадамдар.

Осы үдерістерге азаматтық қоғамның, соның ішінде кәсіподақтардың қатысуы миллиондаған жұмысшылардың мүддесін қорғауға нақты жол ашады.

Жаңа Конституция жобасында тәртіпке, кәсібилікке, адал еңбекке және заңды құрметтеуге негізделген, маңызды өмірлік ұстаным ретіндегі жасампаз патриотизм бекітілген.

Халықтың әл-ауқатын көтеру тұңғыш рет конституциялық мақсат болып айқындалды.

Осылайша, азаматтар мен еңбек адамының өмір сүру сапасы дамудың ең басты өлшемі ретінде анықталады.

Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактке толық сай келеді.

Жобада жұмыс орнының қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына, еңбегі үшін қандайда бір кемсітусіз сыйақы алуға, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуы құқығына кепілдік береді  деп нақты бекітілген.

Жоба әркімнің еңбек етуге және қызмет түрін еркін таңдауына құқығы бар екенін растайды, алайда бұл құқықтың мемлекеттің әлеуметтік сипаты мен адам басымдығы аясында қаралуы өте-мөте маңызды.

Кәсіподақтар үшін жобаның басты элементі — еңбек ету құқығы және оның конституциялық жанжақты қамтылуы болып табылады. Жаңа жоба әр адамның қалаған жұмысымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мемлекеттің басты назарында жүйе емес, адам және оның мүддесі тұратынын дәлелдейді. Бұл жұмыскерлердің мүддесіне және әлеуметтік диалогта дәйекті түрде қорғалып жүрген кәсіподақтардың мақсаттарына сәйкес келеді.

Біз, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы атынан бұл конституциялық реформа қоғамды біріктіріп, еңбек адамының абыройын арттыратына және әлеуметтік әділеттілікті  күшейтуге мүмкіндік жасайтынына нық сенімді білдіреміз. ҚРКФ Әділетті Қазақстанды құру жолындағы өте маңызды қадам ретінде Конституция жаңа жобасын қолдайтынын мәлімдейді.

Кәсіподақ тарапынан конституциялық реформаны қолдау  саналы әрі жауапты ұстаным. Біз жаңа Конституцияны алдағы уақытта еңбек заңнамасын жақсарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және лайықты еңбек кепілдіктерін нығайту негізі ретінде қарастырамыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Жаңа конституцияны қабылдау Әділетті Қазақстанды құруға ықпал етеді, сонымен қатар бұл мемлекеттің адам мен оның еңбегіне құрмет және  қоғамдағы ынтымақтастық негізінде саясатын қалыптастыруға дайындығын растайды деп санайды.

Біз барлық азаматтарды ел болашағы үшін жалпы жауапкершілікті анық сезінуге және дайындалған жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы

2026 жыл 6 ақпан, Астана

ҚРКФ Кәсіподақтық коммуникация орталығы

Басқа жаңалықтар

Back to top button