Жаңалықтар
Бүгін ауданымызда жаңа Конституция тақырыбында дөңгелек үстел өтті

БҮГІН АУДАНДА ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін ауданымызда мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Жаңа Конституция тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру және қызмет барысында қолдану тетіктерін талқылау болды.
Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық жаңашылдықтардың негізгі бағыттарына тоқталып, оның қоғам дамуына әсері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапкершілік, ашықтық және тиімділік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.
Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.



