Жәйрем кентінде «Қазақстандағы конституциялық референдум: құқықтық негіздері мен маңызы» тақырыбында кездесу өтті.

Бүгін №30 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістерге қатысты кент әкімі К. Жансагимовтың мектеп ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында конституциялық реформаның саяси, құқықтық және білім беру саласына ықпалы жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, реформаның елдегі саяси жүйені жетілдіруге, мемлекеттік басқару үдерісіне азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
Сонымен қатар білім беру саласына қатысты өзгерістерге ерекше назар аударылды. Бұл өзгерістер педагогтердің құқықтары мен міндеттерін нақтылауды, білім беру ұйымдарының дербестігін арттыруды және құқықтық мәдениетті нығайтуды көздейді.
Кездесу қорытындысында конституциялық реформаның нәтижесінде білім беру жүйесінде жаңа мүмкіндіктер қалыптасып, педагогтердің құқықтық мәдениеті арта түсетіні айтылды. Бұл өз кезегінде қоғамдағы оң өзгерістерге бейімделуге және білім беру саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді.



