Жаңалықтар
Бүгін Сәтбаев қаласы Жастар ресурстық орталығында Конституция мәселелері бойынша жастармен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ата Заңның қоғам өміріндегі орны мен маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің ел дамуына әсері жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында ой бөлісті. Кездесу жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық белсенділігін нығайтуға бағытталды.



