Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: тәртіп пен тазалық — ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығының қоғамдық орындарында, көшелерде және базарларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау және санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша профилактикалық шаралар жалғасуда.

 

Жыл басынан бері Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері арқылы 9 000-нан астам құқықбұзушылық анықталып, 76 бұзушылықтың беті ашылды.

 

Қоршаған ортаны ластау және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылуда.

Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, оның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін 883-тен астам азамат жауапкершілікке тартылды.

 

Сонымен қатар, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандары мен жасыл желектерді бүлдіру фактілері бойынша 460-тан астам әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және елді мекендердің тазалығын қолдауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы өңірдегі жайлы, қауіпсіз әрі қолайлы экологиялық ахуалды сақтай аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button